Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan-ға берген үлкен сұхбатында қоғамды толғандыратын өзекті сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді.

Мемлекет басшысы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға, жастарды тәрбиелеуге, стратегиялық ұлттық бағдарларды сақтауға, ұлттық бірегейлікті нығайтуға қатысты өз ұстанымын айтты.