Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Ұлттық домбыра күніне арналған «Әлемді күймен әлділеп…» атты концерт өтті.
Іс-шара аясында көрерменге ұлттық мәдени мұра: халық әндері мен күйлері ұсынылды.
Жақында Мемлекет басшысы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнінде сөйлеген сөзінде домбыра біздің тарихымыздың терең тамыры бар оқиғаларының куәгері екенін тілге тиек етті.
«Мерейлі мереке өнерімізді өрге шығарып, тұтастығымызды нығайта түсу үшін керек. Мен ұлттық құндылықты ұлықтайтын бастамаларды барынша дәріптеу қажет деп санаймын. Домбыра күні соның айқын көрінісі болуға тиіс», – деді Президент.
Мерекелік концертке ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, қоғам қайраткерлері мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.
Салтанатты іс-шарада елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары және қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.
Атап айтқанда, Қазақстанның Халық әртісі Айгүл Үлкенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымов, «Құрмет» орденінің иегері Олжас Сүлейменов, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Бекболат Әбдіберікұлы және басқалары.
Сонымен қатар, концертке Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония, «Қазақ квартеті» қазақ ішекті квартеті, «Hassak» этно-фольклорлық ансамблі және «Ұлытау» тобы қатысты.
Танымалды
-
Түрікменстандағы Қазақстан Мәдени күндеріне 3000-нан астам қонақ қатысты
-
Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы мəдениет күндері басталды
-
Түркі әдебиетінің классигіне арналған «Мұхаммед Физули – 530 өлең жолы» кітабының тұсауы кесілді
-
24-27 қыркүйек күндері аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасындағы Әзербайжан Республикасының Мәдениет күндері өтеді
-
13-14 қыркүйек күндері Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында Димаш Құдайбергеновтың «Stranger» атты жеке концертті өтті