«РУХАНИ ҚАЗЫНА – 2022» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер саласындағы ұйымдар мен қызметкерлер арасында жыл сайынғы «Рухани қазына – 2022» республикалық фестивалінің басталғаны туралы хабарлайды.

Бұл шараның басты мақсаты – мәдениет және өнер саласындағы ұйымдардың шығармашылық жетістіктерін анықтау. Талантты, ерекше шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды қолдау. Ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің үздік дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту, насихаттау, қатысушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, өңірлердің мәдени мұрасын таныстыру, қызметкерлердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау.

Фестиваль екі кезеңнен тұрады:

— Бірінші кезең (өңірлік) 2022 жылдың 10-30 сәуірі аралығында өтеді. Жеңімпаздар республикалық кезеңге жолдама алады .

— Екінші кезең (республикалық) 2022 жылдың 16-21 мамыры аралығында өтеді.

Егер 2022 жылдың 16 мамырында облыстық деңгейдегі байқау жеңімпаздары арасында «Рухани қазына – 2022» республикалық фестивалінің ресми ашылуы өтсе, онда байқаудың қазылар алқасының отырысы 2022 жылдың 16-18 мамыр аралығында өтеді.

2022 жылдың 21 мамырында фестивальдің жабылуы — байқау жеңімпаздарын марапаттау және гала-концерт өтеді.

Айта кетерлігі, биылғы фестивальдің ерекшелігі байқауға мемлекеттік мекемелер де, жеке мәдениет ұйымдары да қатыса алады.

Байқаудың өтетін орны мен марапаттау рәсімі «Қазақ әуендері» АҚ» https://t.me/qazaq_auenderi телеграм-каналында дауыс беру арқылы анықталады. Дауыс беру 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады

Дауыс беру қорытындысы бойынша лайықты деп танылған өңірге «Рухани өлке-2022» мәртебесі беріледі.

Байқау жеңімпаздары салтанатты жағдайда дипломдармен, арнайы мүсіншелермен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Фестивальді ұйымдастырушы: «Қазақ музыканттары» АҚ