Алматыда Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған «ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗЫ» атты мерекелік концерт өтті.
Роза Тәжібайқызы 1960 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін жемісті еңбек еткен Алматыдағы Қазақконцертте, қазіргі Құрманғазы оркестрінің концерт залында әншіміздің әндері қайта жаңғырды.
Көктемнің әдемі кешінде Мәдениет министрлігіне қарасты «Қазақ әуендері» АҚ ұйымдастырған ғажайып ән кеші көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Бүгінгі концерт күміс көмей әншінің әсем әндерін сағынған көрерменнің көптігімен есте қалды. Залда ине шаншар орын қалмады. Концерт басталғаннан көрермендер орындарынан тұрып, Роза Тәжібайқызын қошеметпен еске алды. Концерт барысында әншінің орындауындағы әндерді көрермен қауым өнер жұлдыздарымен бірге қосылып шырқады.
Айлар, жылдар өткен сайын ерекше дарын иесі Роза Тәжібайқызына деген халықтың ықыласы мен сағынышы арта түспесе, бір кеміген емес. Оған осы ән кешінде куә болдық.
Концертте Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, Сұлушаш Нұрмағанбетова, Алтынбек Қоразбаев, Гүлнәр Сиқымбаева сынды өнер майталмандарымен қатар Жұбаныш Жексенұлы, Жеңіс Ысқақова, Игорь Благодарный, Айгуль Иманбаева, Асхат Үрпеков, Шаба, Бауыржан Исаев, Зарина Жакенова қазақ эстрадасының жұлдыздары ән шырқады. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрі өнер көрсетті.
Даңқты әншінің мерейтойы осы жылдың 1 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында салтанатты түрде ашылған болатын. Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бұл шара бұқаралық сипатқа ие болып, жыл көлемінде еліміздің барлық өңірінде өткізіледі.
Танымалды
-
«Төрлет, еңбек адамы!» атты республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті
-
Құрметті астаналықтар мен қала қонақтары!
-
Францияның әйгілі Гиме музейінде «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
-
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған «Қастерлі Отан – Қазақстан» атты мерекелік концертке барды.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ваагн Хачатурян Арменияның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ашылу салтанатына қатысты