Екі ел басшылары Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Арменияның мәдениет күндеріне орай ұйымдастырылған салтанатты концертке барды.
Президенттер, ең алдымен, даңқты армян кинорежиссері және суретшісі Сергей Параджановтың 100 жылдық мерейтойына арналған театр фойесіндегі фотокөрмені тамашалады.
Концертте Арменияның Мемлекеттік джаз оркестрі мен Инга Аршакян, Гор Суджян секілді өнерпаздары әлемге әйгілі армян композиторлары Комитастың, Шарль Азнавурдың, Жорж Гарваренцтің және Арно Бабаджанянның музыкалық шығармаларын орындады.
Сонымен қатар 15-16 қазан күндері Астанада Армения киносының күндері өтті. Ал Сос Саркисян атындағы «Амазгаин» театры көрермен назарына Даниил Хармс шығармасының желісімен қойылған «Лю-Беф» спектаклін ұсынды.
Танымалды
-
«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлері марапатталды
-
Мәдениет қызметкерлерінің форумына 600-ден астам сарапшы қатысты
-
19–21 мамыр күндері Астанада Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған Мәдениет қызметкерлерінің форумы өтеді.
-
Құрметті достар!
-
Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады