Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен және «AMANAT» партиясының қолдауымен өткен «Төрлет, еңбек адамы!» атты республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті.
Екі күнге жоспарланған биылғы жыр додасында жыл көлемінде елімізде өткен республикалық және халықаралық айтыстарда үздік өнер көрсетіп, жүлделі орын еншілеген 14 ақын топқа түсті.
Айтыс қорытындысымен қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан Гран-приге ие болып, оған «Алтын домбыра» мен автокөлік табысталды.
Бірінші орынды Нұрбол Жауынбаев (Ақтөбе), екінші орынды Айым Асылбекқызы (Алматы), үшінші орынды Өміржан Көпбосын (Ұлытау), Дидар Қами (Қарағанды) және Аспанбек Шұғатай (Павлодар) иеленді.
Сондай-ақ, басқа қатысушылар арнайы жүлдемен марапатталды.
Жыр додасы ұлттық құндылықтарды дәріптеп, талантты ақындарға қолдау көрсетуде маңызды оқиға болды.








Танымалды
-
«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлері марапатталды
-
Мәдениет қызметкерлерінің форумына 600-ден астам сарапшы қатысты
-
19–21 мамыр күндері Астанада Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған Мәдениет қызметкерлерінің форумы өтеді.
-
Құрметті достар!
-
Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады