Президент жолдауы "Қазақстанды жаңғырту – абыройлы еңбек ету"
01.02.2017Қазақстанды жаңғырту – абыройлы еңбек ету
2017 жылғы 31 қаңтарда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында елдегі кәсіпкерлік қанатын кең жаюы үшін жолай кездесетін түрлі әкімшілік-бюрократиялық кедергілерді мейлінше кеміту жөнінде тапсырма берілген. Әрине, кедергілер азайған соң кәсіпкерліктің де жоғары қарқынмен дамитыны анық. Оның үстіне шағын бизнеске дем беру үшін несиелендіру көздері мен жолдары көбейетін болды. Енді азаматтар кәсіпкерлікпен айналысқысы келсе, мейлі ауылда, мейлі қалада тұрсын, 16 миллион теңгеге дейін несие ала алады. Сонымен қатар, билік кәсіпкерлердің ісіне араласуды мейлінше азайтады. Ұйымдастыру жұмыстарының көбін кәсіпкерлер палатасына беріп жатыр. Кей облыстарда орталықтан жіберілген несиені кімге, қанша беруді кәсіпкерлердің өздеріне сеніп тапсырған. Бұл біріншіден, бюрократия мен жемқорлықты азайтады. Екіншіден, кәсіпкер қай іске қанша ақша керек екенін шенеунікке қарағанда әлдеқайда жақсы біледі.

«Қазақ әуендері» акционерлік қоғамы үстіміздегі жылдың 1 ақпанында Жолдаумен танысу және талқылау мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Осы Жолдауда әр қызметкер өзіне жақын деген мәселеге ден қойып, өзін толғандырып жүрген сұрақьтарға жауап ала алды.
А. Мүбәракова - «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының баспасөз хатшысы:
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік». Биылғы жылғы Президентіміздің үндеуі осылай аталады. Қазақстанның Бірінші жаңғыруы 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды қалай бастағанымыз. Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда - Астананың салынумен басталды. Бұл жаңғыру - қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» базасында өткізіледі. Басты бес басымдықты атап өтуге болады. Бірінші басымдық - экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы. Екінші басымдық - бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту.Үшінші басымдық - макроэкономикалық тұрақтылық. Төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту. Бесінші басымдық - институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты. Бірінші басымдық - экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы. Осы басымдықтардың ішіндегі өзім үшін ең керекті деп алғаным - экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болады. Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік деп қабылдауымыз керек. Біздің Компанияға жақсы өзгерістерге де өз тарапымыздан ұмтылыс жасау керек деп ойлаймын. Іс жүргізуді, құжат айналымын, кадрлық іс-қағаздардың барлығын цифрлық құжат тіркеу бағдарламасын орната отырып, қызметкерлерді қайта даярлау қажет. Сонымен қатар, «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастайтыны. Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс, әрине. Кәсіптік білім беру жүйесінде,экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қойылатыны көңілге қонымды жайт.
Ж. Тілеубергенов – «Қазақ әуендері» АҚ-ның жоба менеджері:
Бұл өте нақты өзекті мәселелерді қозғаған жолдау болып отыр. Маған ұнағаны бұдан былай Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алатындығы туралы. Бұл арқылы ауылды жерлерде тұратын азаматтардың өз ісін ашуға, ал бізге табиғи, қоспасыз таза өнімдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, ауыл азаматтары осы ақшаны алып кішкентай өз тігін фабрикасын ашар еді. Сол өнімді сата отырып, бір жағынан біздің тұтынушылық қажеттілігімізді қанағаттаныдырып, екінші жағынан өз елінің экономикасын көтеруге үлкен атсалысар еді деп түсінемін. Бұл үлкен бастама болары сөзсіз. Мен өзім жеке басым тек қана Отандық өнімді таңдаймын, әрине сапасы әлі де сын көтермейді, дегенмен «көш жүре түзеледі» демей ме, бастамасы жақсы көптеген шағын және орта бизнеспен айналысып жатқан азаматтарға сәттілік тілеймін.
А. Нұрғалиев - «Қазақ әуендері» АҚ-ның жоба менеджері:
Мен алдымен, осындай жиналыс ұйымдастырғандарға үшін үлкен ризашылығымды білдіремін. Мен осы Ақорда сайтынан Жолдаудың толық мәтінімен танысып шықтым. Дегенмен осы дөңгелек үстелде қарапайым тілмен санасы бар адамға түйсігіне жеткізе жеткізетіндей етіп тезистеп, оңтайлы түрде оқылды.
Өз басым Елбасының сындарлы саясатын толық қолдай отырып, аталған бес басымдықтың әрқайсысын толық құптаймын. Әрине, Президентіміз, сонау 1991 жылдан бастап өзінің саясатын экономиканы алдыңғы шепте ұстап, сол экономиканы көтеру арқылы адами капитал сапасын жақсартуды көздеп келеді. Осы күндері де сол саясатынан тайған емес. Бес басымдықтың алғашқы үшеуі экономиканы көтеру болса, қалған екеуі адамның өзін тәрбиелеуге бағытталған.
А. Маемиров - «Қазақ әуендері» АҚ-ның Президенті:
Қорыта келгенде айтарым, осы жолдау әрқайсысымыздың көкейімізде толғандырып жүрген мәселелерге жауап бергендей болды. Әіресе, биыл «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы іске асырыла бастайды. Ол аса маңызды міндетті орындауға – алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Жыл сайын елімізде 400 мыңға жуық бала туады, бұл – 1999 жылғы деңгейден 2 есе дерлік жоғары. Мұндай жақсы үрдісті алдағы уақытта да сақтау керек. Сол мақсатта 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі 20%-ға өсіріледі. Бұл үлкен жағымды жаңалық деп атауға болады.
Енді өзіміздің жұмыс саласына келетін болсақ, осы жолдауда көтерілген мәселенің бірі – «Made in Kazakhstan» бренді Қазақстан өнімдерінің эталоны болуға тиіс. Біздің Димаш Құдайбергенді «Қазақстанда жасалған» деп атауға болады, Ақтөбе қаласының музыка училищесінің түлегі, қазіргі уақытта Қазақ Ұлттық өнер университетінің студенті қазір әлемді таңдай қақтырып отыр. Мәдениет саласында осындай саф таланттарды тәрбиелеп, дұрыс жолға бағыттау керек. Қоғам адамдардан құралады, сол болашақ қоғамды дәл қазір сіздер тәрбиелеп отырсыздар, сондықтан бұл үндеуді іске асыру мақсаты әрқайсыңыздың міндетіңіз екендігі айқын.



