Л. МИНКУС «ДОН КИХОТ» БАЛЕТІ АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА


Л. МИНКУС «ДОН КИХОТ» БАЛЕТІ АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА

Сипаттама:

Балет Кіріспемен бірге, 2 бөлімнен тұрады (5 көріністе).
Хореографиясы - Мариус Петипа мен Александр Горский
Қоюшы-балетмейстер - Алтынай Асылмұратова, Ресей Халық әртісі
Қоюшы-балетмейстердің көмекшілері - Константин Заклинский, Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі Елена Шерстнева
Қоюшы-дерижер – Арман Оразғалиев
Қоюшы-суреткер – Эцио Фриджерио (Италия)
Костьюмдер бойынша суреткер – Франка Скуарчапино (Италия)
Кескін бойынша суреткер – Серджио Металли (Италия)
Жарық бойынша суреткер –Якопо Пантани (Италия)
1869 жылы М.Петипа М. Сервантестың «Дон Кихот» романының желісі негізіндегі балетін жарыққа шығарды. Испания қалаларын көп кезіп, елдің би фальклорының рухы мен дәстүрлеріне терең бойлаған хореограф сахнада бар байлығы мен өзгешелігін көрсете алды.
Дегенмен, операның негізін қалаушылар секілді Петипа ұлы әдеби туындының Кимачо (Балетте – Гамаш) атты бай мен ауыл жігіті Базилионың (Базиля) махабаты сұлу Киттерияның (Китри) болмай қалған үйлену тойы туралы баяндайтын тек екінші томының екі бөлімін ғана алады. Желтоқсанның соңында мәскеудің Үлкен театрында комикалық спектакльдің тұсаукесері өтті. Спектакльде тек Дульнеция ғана таза классикалық биімен ерекшеліп, қалған кейіпкерлер үйреншікті сипатында берілді.
1871 жылы Петипа петербургтің Үлкен (Тасты) театрында өтетін қойылым үшін балеттің жаңа редакциясын жасады. Ал 1900 жылы Мәскеу қаласында Александр Горский өзінің «Дон Кихот» қойылымын Петиптің сценарий жоспары мен хореографиясының негізін сақтап сахнада қояды. Минкустың музыкасына А. Симонның испан биі және Э. Направниктың фандангосы қосылды. Горскийдің қызметі балет үшін қағида тұрғысынан көпшілік сахнадағы дәстүрлі симметриядан бас тартқан жаңа шешім болды. К. Коровин, А. Головин және Н. Клодттың сценографиясы да сәтті әрі жаңашыл болып шықты. Дәл осы спектакль Үлкен және Марийнский театрларының ғана емес басқа да елдердің театрларына классикалық үлгі бола алды.





Е. БРУСИЛОВСКИЙ «ҚЫЗ ЖІБЕК» ОПЕРАСЫ


Е. БРУСИЛОВСКИЙ «ҚЫЗ ЖІБЕК» ОПЕРАСЫ

Сипаттама:

Либретто авторы – Ғабит Мүсірепов
Музыкалық жетекші әрі қоюшы дирижер – Абзал Мұхитдинов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы режиссер – Михаил Панджавидзе (Беларусь)
Қоюшы суретшілер – Софья Тасмағамбетова / Павел Драгунов
Хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы балетмейстер – Мукарам Авахри
Кескін бойынша суретші – Павел Суворов (Ресей)
Жарық бойынша суретші – Сергей Шевченко (Ресей)
Өткізілетін күні: 5 шілде 2017 жыл, Бейбітшілік және Келісім сарайының алаңы
83 жыл бұрын жарыққа шыққан алғашқы қазақ операсы «Қыз Жібек» бірден ұлттық музыкалық өнердің інжуі ретінде танылды. Жібек пен Төлегеннің қайғылы махаббаты туралы аттас халық лиро-эпостық поэмасының негізінде либреттоны белгілі драматург және жазушы Ғабит Мүсірепов, ал музыкасын Евгений Брусиловский жазды. Композитор, қазақ халық әндері мен күйлерін, сонымен қатар халық сазгерлері – Ыбырай, Мұхит, Жаяу Муса, Тәттімбеттің шығармаларын, еуропалық аспаптау мен гармония өнерін қазақ музыкасында батыл қолдана білді.
Опера тұсаукесері 1934 жылы Қазақ музыкалық театрының сахнасында өтті (қазіргі Абай атындағы МАОБТ). 1936 жылы мамыр айында Мәскеудегі қазақ өнері мен әдебиетінің алғашқы онкүндігінде көрсетілген «Қыз Жібек» зор әсер қалдырды.
Басты партияларда әр уақытта КСРО халық әртістері К. Бәйсейітова, Р. Жаманова, Б. Төлегенова, Қазақ КСР Халық әртістері Қ. Бәйсейітов, М. Ержанов, Ғарифолла Құрманғалиев, Қазақстанның Халық әртісі Н. Үсенбаева және басқалары тамаша орындады.





ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ (ЭТНИКАЛЫҚ) ТЕАТРЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ (ЭТНИКАЛЫҚ) ТЕАТРЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

Сипаттама:

8 және 12 шілде айының аралығында Астана қаласының Оқушылар сарайында Қазақстанның ұлттық театрлар фестивалі өтеді.
Ұлттық мәдени фестивальдер – бұл Қазақстанда өмір сүріп отырған және еңбек етіп жүрген әр ұлт өкілдерінің қазіргі заманғы таланттар шоғырын көруге мүмкіндік беретін айрықша оқиға, олардың шығармашылық қызметінің белгілі деңгейде қорытындылау мүмкіндігі, өзге халық мәдениетіне жақындау, біздің еліміздің әр азаматының жеке маңыздылығы мен қажеттілігі сезімі.
Фестиваль актерлар мен режиссерлар үшін одан әрі игі істерге түрткі болады және елдің тілдік және мәдени көптүрлілігін сақтауға, мәдение бір-бірін байытуға, Қазақстан халқының мәдениаралық дилогтың одан әрі дамуына ықпал етері сөзсіз. Әр театр, спектакльдің қай тілде өтетініне қарамастан тар шеңбер аясында жұмыс істей алмайды. Барлық республикалық этникалық театрлар өз сахнасында біздің елімізде тұратын барлық этностар өнерін насихаттайды.
Шараның басты мақсаты мәдени және тілдік алуантүрлілікті сақтау, этностар мәдениетінің өзара толысуы, елдегі этникааралық келісімді нығайту және Қазақстан халқының мәдениетін одан әрі дамыту болып табылады.
Бұл фестивальға Қазақстанның барлық ұлттық театрлары қатысады.
Театр әлемінің сезімді әлемінен қалыс қалмаңыздар!





ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ОРЫНДАУШЫЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ


ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ОРЫНДАУШЫЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Сипаттама:

Конкурстың басты мақсаты талантты жастарымыздың орындаушылық шеберлігін шыңдау, қазақ елінің мәдени, музыкалық мұрасын насихаттау, ұлы дала үнінен қуат алып, әсем күйлерімен тыңдарман жұртына шуақ берген ұлы күйші, композитор Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығын келер ұрпаққа жеткізу. Екі іріктеу кезеңдері Қазақ Ұлтық өнер университетінің Жамбыл залында өтеді. Ал жеңімпаздарды марапаттау рәсімі мен Гала-концерт «Этноауыл» Ұлттық мәдени орталығында өтпек.





ДЖ. ВЕРДИ «АИДА» ОПЕРАСЫ АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА


ДЖ. ВЕРДИ «АИДА» ОПЕРАСЫ АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА

Сипаттама:

Әйгілі заманауи режиссер әрі сценограф – Франко Дзеффиреллидің қойылымындағы (Ла Скала, Италия), итальяндық композитор Дж. Вердидің «Аида» операсы.
1868 жылы Суэц арнасының салтанатты ашылуына байланысты Мысыр үкіметі Вердиге ұлттық тарих негізіндегі сюжетке опера жазуды ұсынады. Премьера Каирдағы театрдың ашылуына жоспарланған еді, алайда композитор тапсырысты қабылдамады. Бірақ, ежелгі Мысыр перғауындарының Нубияға (Эфиопия) қарсы күресі дәуірінен қалған папирустағы аңызға негізделген, француз мысыртанушысы О.Э. Мариеттің сценарийімен танысқаннан кейін, 1870 жылы келісімін берді. Мариетт суреттері бойынша қойылым үшін декорациялар мен костюмдер дайындалды. Операның прозалық мәтінін француз либреттошысы К. дю Локль (1832-1903), өлең ретіндегі либреттосын – А. Гисланцони (1824-1893) жазды. Верди сюжет жасауға белсенді түрде қатысып, ежелгі Мысыр тарихы мен өнерін мұқият зерттеді.
«Аида» тұсаукесері 1871 жылдың 24 желтоқсанында Каирда, ал келесі жылдың 8 ақпанында Миланда өтті.
«Аидада» ащы шиеленістерге толы жеке драма – алып әрі ауқымды жаппай көріністер, салтанатты шерулер, билер мен ұрандар аясында өрбиді. Мейірімсіз абыздар бейнесінде Верди шіркеу қызметшілерінің зұлматын таңбалайды, оларға Аида мен Радаместің жан сұлулығы мен мол адамгершіліктері қарсы тұрды: олардың махаббаты өлімге де дес бермей, барлық сынды көтереді. Опера жоғары адамгершілік сезімдеріне ұран болып естіледі.
Итальян тілінде орындалады.





ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРІ МЕН ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «МЫҢ ДИДАР» АТТЫ КОНЦЕРТ


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРІ МЕН ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «МЫҢ ДИДАР» АТТЫ КОНЦЕРТ

Сипаттама:

Астана қаласының «Қазақстан» Орталық концерт залында өтетін шараның басты мақсаты – ұлттардың өз тіліндегі өнеріне қолдау көрсету, ұлт мәдениеттеріне құрмет көрсету, қазақстандықтардың арасындағы достықты нығайту және өскелең ұрпақты толеранттылық рухында тәрбиелеу.





П.И. ЧАЙКОВСКИЙ АТЫНДАҒЫ Х ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР КОНКУРСЫ


П.И. ЧАЙКОВСКИЙ АТЫНДАҒЫ Х ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР КОНКУРСЫ

Сипаттама:

П.И. Чайковский атындағы Х Халықаралық жасөспірімдер конкурсы 2017 жылы, маусым айының 15-25 аралығында өтеді.
Конкурска 17 жасқа дейінгі жас таланттар фортепиано, скрипка және виолончель мамандығы бойынша қатыса алады. Конкурсты ұйымдастырушылар: ҚР мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ Ұлттық өнер университеті мен П.И. Чайковский атындағы конкурс лауреаттарының Ассоциациясы. Конкурс П. И. Чайковский атындағы Мәскеу Мемлекеттік консерваториясы, Мәскеу үкіметі мен астана қаласының әкімдігі қолдауымен өтеді.
П.И. Чайковский атындағы халықаралық жасөсппірімдер конкурсының ерекшелігі ол әр түрлі мемлекеттерде өтуі. Ал, ол өз кезегінде басқа мемлекеттің жастарына конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді. Қатысушылар санының көптігі, олардың жоғарғы деңгейдегі орындаушылық қабілеттері, конкурстық бағдарламаның күрделілігі, халықаралық қазылар алқасы, көрермендер мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызығушылығы аталмыш конкурстың жасөспірімдер үшін ең айтулы екенін көрсетеді.
П.И. Чайковский атындағы Х Халықаралық жасөспірімдер конкурсының қазылар алқасына Ресей, Қазақстан, АҚШ, Жапония, Корей, Қытай, Франция және Швейцарияның ең атақты музыканттары кіреді.
Конкурстың Бірінші және Екінші кезеңдері Қазақ Ұлттық өнер университетінің қабырғасында, үшінші кезеңі – «Астана Опера» опера және балет театрында, ал ашылуы мен жабылуы «Қазақстан» Орталық концерт залында өтпек.
Конкурстың соңғы кезеңіне шыққандар өнерлерін симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен көрсетеді.
Конкурстың Халықаралық ЭКСПО 2017 көрмесінің ең айтулы мәдени жобасы болатыны хақ.





XIII «ЕУРАЗИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КИНОФЕСТИВАЛІ


XIII «ЕУРАЗИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КИНОФЕСТИВАЛІ

Сипаттама:

Биылғы жылдың шілде айында Астана қаласында Орталық Азиядағы ең ірі кинофорум болып есептелетін, «А» санатындағы Канн, Берлин және Венеция фестивальдары сияқты Продюсерлер Ассоциациясының Халықаралық Федерациясының (FIAPF) аккредитациясынан өткен XIII «Еуразия» Халықаралық кинофестивалі өтеді.

Фестиваль 2016-2017 жылдары түсірілген фильмдердің әлемдік көлемді панорамасын ұсынады. Конкурстық және конкурстан тыс секцияларға толық метражды, қысқа метражды картиналар, авторлық, жанрлық және деректі фильмдер енеді. Фестиваль аясында «Бес құрлық» атты балалар фильмдері конкурсы, сонымен қатар ЭКСПО-2017 компаниясымен бірлесе ұйымдастырылған дамушы елдер фильмдеріне арналған «6 плаза» бағдарламасы өткізіледі. Барлық көрсетілімдер фильм авторларымен талқылау, яғни сұрақ-жауап (Q&A) форматында ұйымдастырылады, бұл өз кезегінде көрермендерге кинофестивальдың белсенді қатысушылары болуына және кинематограф жұлдыздарымен кездесуге мүмкіндік береді.

Тұңғыш рет «Еуразия» ХКФ шеңберінде ТМД, Шығыс (Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея) және Батыс (Еуропа, Америка) елдерінен келген фильм сатушылары мен сатып алушылары қатысатын Eurasia Film Market кинонарығы өтеді. Дәстүрлі Eurasia Spotlight іскерлік алаңы киножобалар питчингтерін, дөңгелек үстелдер, баспасөз конференцияларын, шеберлік кластарын және арнайы шараларды ұсынады. «Еуразия» кинофестивалін өткізудегі басты мақсат қазақстандық киноөндірісті дамыту, кино өнеріне деген қоғамдағы кең қызығушылықты арттыру, сонымен қатар Азия және Еуропа елдерінің жемісті ынтымақтастығына қолайлы жағдай жасау болып табылады.





«ART ENERGY» МҮСІНДЕУ ӨНЕРІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЕННАЛЕСІ


«ART ENERGY» МҮСІНДЕУ ӨНЕРІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЕННАЛЕСІ

Сипаттама:

Мүсіндеу өнерінің халықаралық биеналесі - EXPO-2017 аясында өткелі отырған ірі мәдени оқиға ретінде өнер саласындағы халықаралық диалогтың мәдени тұғырнамасына айналуы көзделуде. Астананың тұрғындары мен қонақтары экологиялық болашақ қағидаларын қолжетімді қалыптастыратын мүсіндеу формаларын бағалай алады. Биенналле бағдарламасында суретшілерге заманауи өнер әлемінің сан алуандылығында жол сілтеуге бағытталған лекториялар мен шеберлік сабақтары өтеді. Мүсіндеу өнерінің биеналесін заманауи мүсіндеу өнерінде орын алатын стильдердің ғажайып иллюстрациясы, формаларды беру мен бағыттауды қамтитын бір үлкен шеберлік сабағы деп атауға болады.





ҚАЗАҚСТАН ЭСТРАДА ЖҰЛДЫЗДАРЫНЫҢ КОНЦЕРТІ


ҚАЗАҚСТАН ЭСТРАДА ЖҰЛДЫЗДАРЫНЫҢ КОНЦЕРТІ

Сипаттама:

Қазіргі Егемен Қазақстан – өзінің көркем табиғатымен, ұлан-ғайыр даласымен, дамыған инфрақұрылымы және экономикасымен ғана емес, сонымен қатар, бай мәдениетімен, дарабоз дарындарымен, жарқын эстрада жұлдыздарымен ерекшелентін еңселі ел. Әлем халықтары біздің тіліміздің байлығы мен музыкалық мәдениетініміздің биіктігіне тамсана және таңырқай қарайды. Ұлттық аспаптарымыздың ғарыштық ғаламат үні, шығыс әуендеріне тән жантебірентерлік әсем әуезділік біздің әндерімізді де айрықша асқақтатып тұрғандай. Біздің еліміз – эстрада жұлдыздарына бай ел. Жас әрі талантты әншілерімізді әлем танып жатқандығына күнде куә болып жүрміз. Қазақстандық эстрада жұлдыздарының дара дауыстарын, дарын-қабілеттерін, шығармашылықтарын насихаттау, әсіресе, жастарға тағылымды тәрбие беру үшін берекелі бастама.





ПЛАСИДО ДОМИНГО ОПЕРАЛИЯСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ВОКАЛИСТЕР БАЙҚАУЫНЫҢ АҚТЫҚ МӘРЕСІ


ПЛАСИДО ДОМИНГО ОПЕРАЛИЯСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ВОКАЛИСТЕР БАЙҚАУЫНЫҢ АҚТЫҚ МӘРЕСІ

Сипаттама:

Ұлы опера әншісі әрі дирижер Пласидо Доминго негізін қалаған вокалшылардың дүние жүзіндегі ең беделді «Опералия» байқауы Қазақстанда алғаш рет өтеді. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2017 жылдың 24 мен 29 шілдесі аралығында «Астана Опера» сахнасында жүретін Опера өнерінің дүниежүзілік конкурсы, жиырма бесінші рет ұйымдастырылғалы тұр.
«Опералия» байқауына 18 бен 32 жас аралығындағы кез келген әнші (бас даусынан бастап, сопраноға дейін) қатыса алады. Астанаға дүние жүзінің түкпір-түкпірінен 40 жуық дарынды вокалшылар келеді. Алдын-ала іріктеу электрондық өтініш бойынша 2016 жылдың желтоқсанынан бастап, 2017 жылдың ақпанына дейін жүрді. Байқау үш кезеңнен тұрады және маэстро Домингоның «Астана Опера» Симфониялық оркестріне жетекшілік етуімен өтетін жеңімпаздардың гала концертімен аяқталады.
«Опера королі» және «қазіргі заманның көрнекті опера әртісі» атанып кеткен Пласидо Доминго, болашағынан үлкен үміт күттіретін жас әншілерге үнемі ерекше көңіл бөледі, себебі өнер жолының бастауында кездесетін қиыншылықты талай өз басынан кешірді.
- «Опералиядағы» менің міндетім үздік дауыстарды іріктеп қана қоймай, болашақта нағыз әртіс шығуы мүмкін деген ерекше, мінезді, актерлық шеберлігі бар әншілердің талантын ашу. Осындай жастар нағыз жұлдызға айналады, – дейді маэстро Доминго.
Жалпы жүлде қоры 180 000 АҚШ долларын құрайды. Ерлер мен әйелдер даусы арасында 1, 2 және 3 сыйлық иелерін марапаттаумен қатар, жүлделер қатарында Р. Вагнер және Р. Штраустың репертуарынан операны үздік орындаған үшін Б. Нильсонның сыйлығы, үздік орындалған сарсуэлалар үшін (испандық опереттаға жақын сахналық-музыкалық жанр) Пепита Эмбил де Доминго мен үлкен Пласидо Домингоның сыйлығы және көрермен көзайымының жүлдесі және т.б. бар.
Алғаш рет әйгілі Гранд-опера сахнасында өткен конкурстың негізі 1993 жылы Парижде қаланғанын еске сала кетейік. Содан бері «Опералия» жыл сайын түрлі елдің ең әйгілі алаңдарында өткізіліп келеді. Олардың қатарында – аңызға айналған миландық Ла Скала, Лондондағы «Ковент-Гарден», Корольдік театр (Мадрид, Испания), Филармонико театры (Верона қ., Италия) және т.б. Өткен жылдары «Опералияда» жеңіске жетіп, асқақ өнерге жолдама алған әлемдік опера сахнасының бүгінгі жұлдыздары – Джойс Ди Донато, Роландо Виллазон, Эрвин Шротт, Соня Йончева, Нина Штемме, Хосе Кура, Джозеф Каллея, Инва Мула және басқалары.
Пласидо Домингоның бүкіләлемдік опера әншілеріне арналған «Опералия» байқауын «Rolex» компаниясы ұсынады.
Байқаудың талабымен және жаңалығымен Опералия сайтында (http://www.operaliacompetition.org/) танысуға болады.





ЭКСПО-2017 КӨРМЕСІНІҢ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИБІГҮЛ ТӨЛЕГЕНОВАНЫҢ ӘНШІЛЕР КОНКУРСЫ


ЭКСПО-2017 КӨРМЕСІНІҢ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИБІГҮЛ ТӨЛЕГЕНОВАНЫҢ ӘНШІЛЕР КОНКУРСЫ

Сипаттама:

2017 жылғы 4-10 қыркүйек аралығында ЭКСПО-2017 Халықаралық арнайы мамандандырылған көрме аясында Астана қаласында Халықаралық Бибігүл Төлегенованың әншілер конкурсы өтеді.

Конкурстың мақсаты – Қазақстанда вокалдық музыканы көпшілікке тарату, дарынды әншілердің кәсіби біліктілігін жетілдіру, жастарды эстетикалық және патриоттық тәрбиелеу, Қазақстаның мәдени имиджін көтеру.
Конкурсқа жақын және шалғай шетелдерден жас және дарынды әншілер қатысады.

Конкурстың ашылуы және конкурстық турлар Қазақ ұлттық өнер университетінің Орган залында өтеді, жеңімпаздарды марапаттау және Гала-концерт «Қазақстан» ОКЗ-да өтеді.    





«САҚТАР АЛТЫНЫ» ТҮПНҰСҚАДАҒЫ АРТЕФАКТІЛЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ


«САҚТАР АЛТЫНЫ» ТҮПНҰСҚАДАҒЫ АРТЕФАКТІЛЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ

Сипаттама:

Сақтар алтыны - алтын іздеушілердің арманы. Бұл көне халықтың негізгі мұрасы – ғажайып алтын бұйымдар. Көрме экспозициясында бабалардың сырлы ойы мен дүниетанымын танытатын алғашқы көшпенділер жасаған көркемдігі мен орындау техникасы жағынан қайталанбайтын белгілі қорғандардан алынған артефактілер көрсетіледі. Көрмеде Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайынан, Ресей Федерациясының Оренбург губернаторлық тарихи-өлкетану мұражайынан және Қырғыз Республикасының Мемлекеттік тарихи мұражайынан алынған алтын бұйымдардың ғажап үлгілері ұсынылады. «Сақтар алтыны» халықаралық көрмесінің ашылуы аясында барлық көрме қатысушылары алтын дәуірдің атмосферасын сезіну үшін дәстүрлі әуеннің сүйемелдеуімен сақтардың көне салтынан көрініс қойылу қарастырылған.