Біз туралы

«Қазақ әуендері» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам)  «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң жекелеген кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 қарашадағы № 1132 Қаулысы, 2005 жылы 02 желтоқсандағы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің № 480 «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң "Гүлдер" ансамблiн", "Қазақконцерт" мемлекеттік гастрольдiк-концерт бiрлестiгiн және "Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарын қайта құру туралы» бұйрығының негізінде,  Қазақстан Республикасының азаматтары - өскелең ұрпақты эстетикалық және адамгершiлiкке тәрбиелеуге бағытталған қазақ халықтық музыкалық-поэзия шығармашылығының шығармашылық жетiстiктерiн, қазiргi заманғы сазгерлердiң туындыларын, әлем мәдениетiнiң үздiк үлгiлерiн насихаттау мақсатында құрылған.
        Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін Қоғам мерекелік іс-шараларды, салтанатты концерттер және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу, халықаралық ынтымақтастықты және шетелде қазақстандық өнердің үздік жетістіктерін көрсету, атақты тұлғалардың мерейтойлық даталарын жоғары деңгейде 10 жылдан астам өткізіп келеді. Бұл салада Қоғам тәжірибелі, техникалық-материалдық жарақталған бірден-бір ұйым болып есептеледі.
Қазақ әуендері» АҚ-ның мемлекеттік тапсырысты орындау барысында жүзеге асырылатын негізгі қызметі негізгі үш бағытта:

  1. Мерекелік іс-шараларды, салтанатты концерттер және мәдение-көпшілік іс-шаралар өткізу;
  2. Халықаралық ынтымақтастық және елде және шетелде қазақстандық өнердің үздік жетістіктерін көрсету;
  3. Атақты тұлғалардың мерейтойлық даталарын өткізу.