«Қазақ әуендері» акционерлік қоғамы — Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ведомствасына бағынысты ұйым.
«Қазақ әуендері» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 қарашадағы № 1132 «ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес құрылды.
«Қазақ әуендері» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру саласында ең ірі қызмет көрсетуші қоғамның бірі болып табылады.
Қоғамның мақсаты – Республика тұрғындарының мәдени және рухани деңгейін арттыру, қазақстандық патриотизм сезімін нығайту, музыкалық өнер әлемімен және жұртшылықты бірегей мәдени мұрамен таныстыру болып табылады.
«Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының негізгі қызметі үш бағытқа бөлінеді:
- Мерекелік іс-шараларды, салтанатты концерттер мен мәдени шараларды ұйымдастыру;
- Халықаралық ынтымақтастық және Қазақстан өнерінің үздік жетістіктерін елде және шетелде таныстыру;
- Көрнекті тұлғалардың мерейтойларын ұйымдастыру
«Қазақ әуендері» акционерлік қоғамы — Қазақстанның жетекші режиссерлері мен сценаристерін тарта отырып 18 жыл бойы халық әртістерінің, еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлерінің, халықаралық және республикалық байқаулар лауреаттарының, эстрада және шоу-бизнес, алыс-жақын шетел жұлдыздарының, шығармашылық ұжымдардың (би, балет труппалары, т.б.) және әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастырып келеді.
Біздің жетістіктеріміз








