2022 жылғы 1 маусымда Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің №1 мамандандырылған мектеп-интернатында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті.
Мерекелік концерттің шымылдығын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қуыршақ» театры көңілді қойылыммен ашты. Ал мәре-сәре болған оқушы балалар олардың қимылдарын қайталап, бірге билеп, көңіл көтерді. Театр әртістері түрлі қойылымдар қойып, балаларға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Сонымен қатар, аталмыш концертте эстрада әншісі, «Qazaqstan Dauysy» байқауының қатысушысы, 2021 балалар Евровидениесінің финалисті Айғаным Амантай, халықаралық конкурстардың лауреаты Рухия Байдүкенова, «Удиви меня» телевизиялық байқауының жеңімпазы Игорь Овсейчик, Қазақ ұлттық өнер университетінің колледж студенттері Мубаракова Мадина мен Жақсылық Мадина сынды өнерпаздар өнер көрсетіп, оқушылар мен мектеп ұжымының ерекше ықыласына бөленді.
Шара соңында ұйымдастырушылар мектеп оқушыларын мерекемен құттықтап, тәтті сыйлықтар табыс етті.
Танымалды
-
Құрметті достар!
-
«Төрлет, еңбек адамы!» атты республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті
-
Құрметті астаналықтар мен қала қонақтары!
-
Францияның әйгілі Гиме музейінде «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
-
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған «Қастерлі Отан – Қазақстан» атты мерекелік концертке барды.