«The Voice» Халықаралық имидждік жобасының үшінші кезеңі өтеді

2024 жылғы 29-30 мамыр күндері аралығында Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) 7 кезеңнен тұратын «The Voice» Халықаралық имидждік жобасының үшінші кезеңі өтеді.

«The Voice» халықаралық имидждік жобасы – таланттардың вокалдық шоуы. Ол әйгілі «The Voice» телешоуының  өзбекстандық нұсқасы, голландиялық продюсерден сатып алынған франшизасы.

Жобаның негізгі міндеті – әртүрлі жанрларда ғана емес, сонымен қатар әртүрлі тілдерде ән айта алатын әмбебап вокалистерді іздеу және таңдау. Форматтың қосымша ерекшелігі – жобаның барлық қатысушылары тек дауысқа сүйеніп, бақ сынайтындығы. Бұл ретте жанрлық критерийлердің болмауына байланысты қатысушылар аудитория мен қазылар алқасына джаз немесе рок, сондай-ақ халық әндерін немесе классикалық вокалды орындауда өздерінің вокалдық қабілеттерін көрсете алады.

Аталған «The Voice» Халықаралық имидждік жобасының үшінші кезеңіне Қазақстан Республикасы тарапынан  «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солисі Асқар Мұқият қатысады.

Шоуға қатысушылар негізінен белгілі бір шеберлік мектебінен өткен тәжірибелі музыканттар, сондықтан жоба тәлімгерлері оларға репертуар мен стильдік ерекшеліктерін өзгерту, «бұзу» талабын қоймайды, керісінше, телеаудиторияның алдында одан әрі танымалдылыққа ие болып шығармашылығын тиімді іске асыруға мүмкіндік беру үшін орындау мәнері өздеріне ең жақын қатысушыларды таңдауға тырысады.