Бұған дейін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға ресми сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласындағы өзара іс-қимыл және қазақ-әзербайжан қарым-қатынастарын нығайтуда ерекше рөл атқаратынын атап өткен болатын. Сондай-ақ, іссапар барысында екі елдің мәдениет күндерін өткізу туралы келісімге қол қойылды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және Әзербайжан Мәдениет министрлігінің бірігіп ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Мәдениет күндері 2023 жылы Баку қаласында өтті.
Астана қаласында Мәдениет күндері аясында ұйымдастырылатын іс-шаралар халықтарды жақындастырып, олардың терең тарихы мен бай мәдениетін паш етеді.
Қазақстан Республикасындағы Әзербайжан Республикасының Мәдениет күндері аясында келесі іш-шаралар өтеді:
24 қыркүйек:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында сағат 15:00-де «Физули – 530 жарты шумақ» кітабының тұсаукесері және «Физули 530» әдеби-поэзиялық жинақ бойынша іс-шара ұйымдастырылады.
- Қ. Қуанышбаев атындағы Ұлттық музыкалық драма театрында сағат 15:00-де этно-джаз концерті;
25 қыркүйек:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында сағат 11:00-де Қазақстан мен Әзербайжан Ұлттық кітапханалары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады, сондай-ақ «Әзербайжан әдеби бұрышы» ашылады;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында сағат 12:00-де Әзірбайжанның халық жазушысы Эльмира Ахундованың «Зарифа және Гейдар Алиевтер. Мәңгі махаббат тарихы» кітабының тұсаукесері өтеді.
- Бейбітшілік және Келісім сарайында сағат 17:30-да «Әзербайжан өнерінің жауһарлары» атты көрмесі және 19:00-де Әзербайжан мемлекеттік би ансамблінің концерті;
26 қыркүйек:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде сағат 11:00-де Әзербайжан Ұлттық өнер музейінің директоры, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ширин Маликованың «Әзербайжанның қазіргі заманғы өнері» тақырыбында және Әзербайжан Мәдениет министрлігінің Өнер және материалдық емес мәдени мұра бөлімінің меңгерушісі Севиль Каримованың «Әлемдік өнердегі Томрис иконографиясы» тақырыбында дәрістері жоспарланған;
- Негізгі іс-шара 26 қыркүйекке жоспарланып отыр. Бұл күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева және Әзербайжан Республикасының Мәдениет министрі Адил Керимлидің қатысуымен Қ. Қуанышбаев атындағы Ұлттық музыкалық драма театрында сағат 19:00-де Қазақстан Республикасындағы Әзербайжан Республикасының Мәдениет күндерінің жабылу салтанаты аясында Әзербайжан өнер шеберлерінің Гала-концерті өтеді.
Аталған Гала-концертте Әзербайжанның халық әртістері: Самир Джафаров, Алихан Самедов, Тунзаля Агаева, Азер Зейналов, Гульяз Мамедова және т.б. Әзбайжанның еңбек сіңірген қайраткерлері, өнер жұлдыздары танымал эстрадалық әндер мен халық композиторларының шығармаларын орындайды.
Екі ел арасындағы мәдениет күндерін өткізу бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістікті нығайтуға, екіжақты қарым-қатынастың дамуына септігін тигізері сөзсіз. Іс-шара екі елдің арасындағы мәдени байланыстардың одан әрі дамуына серпін беріп, қазақстандықтардың әзірбайжан мәдениетіне деген аса үлкен қызығушылығын оятары сөзсіз.
Танымалды
-
Елордада Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті
-
«The Voice» Халықаралық имидждік жобасының үшінші кезеңі өтеді
-
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының Гала-концертін тамашалады
-
«Анев-2024 – түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылуы өтеді
-
Президент Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шараға қатысты