Санкт-Петербург халықаралық мәдени форумы — бұл жаһандық мәдени оқиға, кәсіби қоғамдастықтың ашық диалогы үшін бірегей алаң. Мәдениет қайраткерлерінің, еліміздің және әлемнің ірі мәдени ұйымдарының басшыларының, жетекші сарапшылардың, сондай-ақ бизнес және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өтеді. Форум аясында қатысушылар идеялармен алмасады және заманауи мәдени ортаны дамытудың үрдістері мен өзекті мәселелерін талқылайды.
Форумның мақсаты — кәсіби қоғамдастықты жаңа үрдістермен таныстыру, қазіргі уақытта мәдениетті дамытудың ең өзекті мәселелерін қарастыру, шешімдерді қабылдау үшін кеңістік ұсыну.
IX Санкт-Петербург халықаралық мәдени форумына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысады. Онда 70-тен астам елдің делегациясы мәдениет пен өнер саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы тарапынан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарлығаш Ажиева қатысады (1965 жылы 3 қарашада Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Белгілі қазақстандық қоюшы-режиссер. Мерекелік концерттік бағдарламалар мен театрландырылған бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушы. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі. «Таңдау» продюсерлік орталығының жетекшісі).
Танымалды
-
24-27 қыркүйек күндері аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасындағы Әзербайжан Республикасының Мәдениет күндері өтеді
-
Елордада Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті
-
«The Voice» Халықаралық имидждік жобасының үшінші кезеңі өтеді
-
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының Гала-концертін тамашалады
-
«Анев-2024 – түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылуы өтеді