Елордада «Еңбек – ел ырысы» тақырыбындағы қарапайым еңбек адамдарына арналған республикалық ақындар айтысы өз мәресіне жетті. «AMANAT» партиясының қолдауымен Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған дәстүрлі «Алтын домбыра» жыр аламанында бас-аяғы 16 ақын өнер көрсетті.
Өз кезегінде, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Жүдебаев көзіқарақты көрермен мен ақындар қауымына шынайы алғысын білдірді.
«Міне, екі күнге созылған аламан айтыс өз мәресіне жетті. Еңбек адамының мерейін үстем еткен ақындарға және оларды қолдап, қостап келіп отырған барша айтыссүйер ағайынға алғыс айтамын», – деді вице-министр.
Осылайша, қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені қарағандылық Мақсат Аханов иеленді. Оған «Алтын домбыра» және автокөлік табысталды.
Ал жүлделі 1-орын және «Айтыс ақтаңгері» атағы қызылордалық Мейірбек Сұлтанханға, 2-орын павлодарлық Аспанбек Шұғатайға бұйырды. 3-орынды ұлытаулық Төлеген Жаманов пен Батыс Қазақстан облысынан келген Жансая Мусина өзара бөлісті.
Сондай-ақ, жамбылдық Алина Айдаралы, Батыс Қазақстан облысының айтыскері Мұрадым Мейрланов және алматылық Шұғайып Сезімхан арнайы жүлде иеленді.
Танымалды
-
24-27 қыркүйек күндері аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасындағы Әзербайжан Республикасының Мәдениет күндері өтеді
-
Елордада Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті
-
«The Voice» Халықаралық имидждік жобасының үшінші кезеңі өтеді
-
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының Гала-концертін тамашалады
-
«Анев-2024 – түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылуы өтеді