Ұлттық домбыра күніне арналған өнер шеберлерінің концерті өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2023 жылғы 2 шілде Астана қаласы, Бәйтерек монументі алаңында Ұлттық домбыра күніне арналған өнер шеберлерінің концерті өтті.

Мерекелік шара барысында, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Секен Тұрысбеков, Рамазан Стамғазиев, Елмұра Жаңабергенова, Медғат Манапов, Айгүл Елшібаева, Қайрат Кәкімов, Ерлан Рысқали, Айгүл Қосанова, Батыржан Мықтыбаев, Динара Тілендиева, Айгүл Үлкенбаева, Анар Мырзаханова, Нұрлан Өнербаев,Маржан Арапбаева, Айтқали Жайымов, «Құрмет» орденінің иегері Руслан Баймурзин, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Абылай Тілепберген, халықаралық конкурстардың лауреаттары: Сатжан Шаменов, Жалғас Ілес, Сәбира Бибатырова, Айтолқын Тоқтағанова, мәдениет саласының үздіктері: Данияр Байжұманов, Асқар Кенжеғалиев, Жарас Сатыбалдиев, Рахат Сәрсенов, Жұмабек Қадырқұлов, Мұрагер Сауранбаев, Батырлан Әбенов,республикалық конкурстардың лауреаттары: Наурызбек Кузанбаев,Бекзат Мустафаев,  «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының солистері: Гумар Султанбек, Рүстем Сейтбеков жәнеде Сабир Гусейнов, Михайл Абуов, Самвел Азноварян, Наргиза Касумова, Ғаламат Бейсеқожа, Нұрәлі Бейсеқожа өнер жұлдыздары танымал әндер мен халық композиторларының шығармаларын орындады.

Бұдан басқа, «Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі», «Отырар сазы» Н.Тілендиев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық ұлттық аспаптар оркестрі, «А.И» театры және «Наз» мемлекеттік би театрықатысты.