Тәжікстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Мәдениет күндері өтеді

2023 жылғы 24-29 тамыз аралығында Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің қолдауымен Тәжікстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Мәдениет күндері өтеді.

          Мәдениет күндері аясында Астана қаласында келесі іс-шаралар жоспарланған: Тәжікстанның кино күндері, ғалым Әбу Әли ибн Синаға бюстін ашу, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында Тәжікстан өнер шеберлерінің салтанатты концерті, театр фойесінде Тәжікстан Республикасының халық шығармашылығы мен ұлттық костюмдер, кескіндеме және фото көрмесі.     

          Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы Мәдениет күндерінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, а.ж. 24 тамызында Астана қаласының «Kinopark 7 IMAX Keruen» кинотеатрында режиссер Б.Кимягаровтың «Рустам және Сухроб» көркем фильмінің көрсетілімімен Тәжікстан кино күндерінің ашылуы өтеді.

          2023 жылғы 25 тамызда Қазақстан және Тәжікстан мемлекет басшыларының қатысуымен Астана қаласындағы «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында Тәжікстан өнер шеберлерінің салтанатты концерті өтеді. Салтанатты концертке Тәжікстанның халық әртістері: Ватанмир Карими, Назриев Исмоил, Хошимов Рахматулло, Аюбов Махмадали, Тәжікстанның еңбек сіңірген әртістері: Назриев Давлат, Нозимов Джовидон, Сафарзода Носир, Мухаммадрафии Кароматулло, солистер: Нозияи Кароматулло, Нигина Амонкулова, Усмонова Шарофат, Аловатов Хакназар және т.б. қатысады.

          Сонымен қатар, ү.ж. 29 тамызда Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Тәжікстан мен Қазақстан композиторларының кездесуілері жоспарланған.

          23-29 тамыз күндері аралығында Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің қолдауымен Мәдениет күндері аясында өнер шеберлерінің концерттері, «Тәжікстан мен Қазақстанның ғылыми-техникалық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел, Тәжікстан Ұлттық ғылым академиясының ғылыми жетістіктер көрмесі, халық шығармашылығы, ұлттық костюмдер, кескіндеме және фотокөрмелер, Тәжікстанның Ғылым және әдебиет қайраткерлерінің Түркістан облысындағы диаспора өкілдерімен кездесулері, кино көрсетілімдері және т.б. мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.