IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ спортшылары 9 медаль жеңіп алды — 3 алтын, 4 күміс және 2 қола
Жарыс алғаш рет Түркияда өтті, оған әлемнің 102 мемлекетінен 3 мыңнан астам спортшы 13 спорт түрінен қатысты. Қазақ спортшылары спорттың 5 түрінен (қазақ күресі, көкпар, көкбөрі, жамбы ату, садақ ату) өнер көрсетті. ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында спортшыларымыздың жетістіктерін атап өтіп, оларды құттықтады.
Сонымен, Қазақ күресі бойынша біздің құрама қоржынында 6 медаль бар: Марат Нығматуллаев 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі алтынды Зарина Сарипова жеңіп алды. Еламан Қойшыбаев (80кг) пен Рауза Нұрмұхамметова (55 кг) күміс, ал «Қазақстан Барысы» Мақсат Исағабылов (+80 кг) пен Мөлдір Азамат (+65 кг) қола жүлдегер атанды.
Қасымхан Қанат дәстүрлі садақ атудан финалда өнер көрсетті, онда 32 елден 95 спортшы бақ сынады. Ол өзінің қарсыласы Оғыз Окшадан 2 ұпай айырмашылығымен жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды.
Көкбөріге Қазақстан, Қырғызстан, Түркия командалары қатысты. Түркия командасы өз қалауы бойынша үшінші орынға келісім беріп, ақтық сынға қазақ-қырғыз құрамалары өтті. Ақтық сында Қазақстан – Қырғызстан командаларының ойыны 0-5 есебімен аяқталып, спортшыларымыз күміс жүлдеге қол жеткізді.
Қазақстан құрамасы көкпардан чемпион атанып, Қырғызстан командасын 4:3 есебімен жеңді. Финалға жету жолында қазақстандықтар Өзбекстан мен Моңғолия спортшыларын 8:1 және 12:2 есебімен ойсырата жеңген болатын.
Министр Дәурен Абаев өзінің Facebook парақшасында көкпар тұңғыш рет көшпенділер ойындарының бағдарламасына енгенін және бұл жеңіс бірегей тарихи оқиға екенін атап өтті.
9 медалей завоевали казахстанские спортсмены на IV Всемирных играх кочевников — 3 золота, 4 серебра и 2 бронзы
Соревнования впервые проводили в Турции, где участие приняли свыше 3 тысяч спортсменов из 102 государств мира по 13 видам спорта. Спортсмены Казахстана выступили в 5 видах спорта (қазақ күресі, көкпар, көкбөрі, жамбы ату, традиционная стрельба из лука).
Министр культуры и спорта РК Даурен Абаев на своей странице в Facebook отметил достижения наших спортсменов и поздравил их.
Так, по қазақ күресі в активе нашей сборной 6 наград: Марат Ныгматуллаев стал победителем в весовой категории до 60 кг. В финале его соперником оказался борец из Монголии. Также золото в весовой категории до 65 кг завоевала Зарина Сарипова. Серебро у Еламана Койшыбаева (80кг) и Раузы Нурмухамметовой (55 кг), бронзовыми призерами стали «Қазақстан Барысы» Максат Исагабылов (+80 кг) и Молдир Азамат (+65 кг).
Также Қасымхан Канат выступил в финале по традиционной стрельбе из лука, где соревновались 95 спортсменов из 32 стран. Он уступил своему сопернику Огуз Окшы с разницей в 2 очка и завоевал серебряную награду.
Также по көкбөрі участие приняли команды Казахстана, Кыргызстана и Турции. Команда Турции согласилась на третье место. В итоге игра для сборных Казахстана и Кыргызстана завершилась со счетом 0:5 и наши спортсмены заняли второе место.
Сборная Казахстана стала чемпионом по кокпару, одолев принципиальных и очень сильных соперников из Кыргызстана со счетом 4:3. На пути к финалу казахстанцы разгромили спортсменов Узбекистана и Монголии со счетом 8:1 и 12:2.
Министр Даурен Абаев на своей странице в Facebook отметил, что кокпар впервые вошел в программу Игр кочевников и эта победа является уникальным историческим событием.
Танымалды
-
24-27 қыркүйек күндері аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасындағы Әзербайжан Республикасының Мәдениет күндері өтеді
-
Елордада Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті
-
«The Voice» Халықаралық имидждік жобасының үшінші кезеңі өтеді
-
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының Гала-концертін тамашалады
-
«Анев-2024 – түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылуы өтеді