Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында 10 желтоқсан Нұр-Сұлтан қаласы «Астана» концерт залында X Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсы және XVI Республикалық «Елім менің» патриоттық әндер конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі мен гала-концерті өтті. Қорытынды гала-концертте Конкурстың жеңімпазы атанған авторлардың шығармалары орындалды.
X Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсының жеңімпаздары «Үздік музыкалық шығармалар» (симфониялық, эстрадалық-симфониялық, халық аспаптар оркестрі және хор үшін) номинацияся бойынша:
Бірінші орын – «Мұқали» шығармасы, авторы Бекенов Нурлан Алданышбаевич;
Екінші орын – «Нəубет жылдар» шығармасы, авторы Сайжан Алмат Қарасайұлы;
Үшінші орын – «Жас Тайм» шығармасы, авторы Мұхамедиев Ербол Оразбекұлы;
Үшінші орын – «Last Battle» шығармасы, авторы Заиров Алим;
Тәуелсіздікке арналған үздік шығармалар (күй, терме, жыр) номинациясы бойынша:
Бірінші орын – «Тәуелсіздік толғауы» шығармасы, авторы Жексенбай Нұрғаным Саятқызы;
Екінші орын – «Арқамды тәуелсіздік сүйегенім» шығармасы, авторы Амреев Махмутбай;
Екінші орын – «Тәуелсіздік тойына Шашу» шығармасы, авторы Нурымбетов Еркин Шаяхметович;
Үшінші орын – «Толғау» шығармасы, авторы Мухамедиев Ербол Оразбекович;
Үшінші орын – «Аққу сазы» шығармасы, авторы Қаратаи Тоқжан Қайратқызы.
Балаларға арналған ең үздік драма номинацияся бойынша
Бірінші орын – «Айболит пен Қарақшы» (бүгінгі ертегі) шығармасы, авторы Бекжанов Болат Умбеталиевич;
Үшінші орын – «Жалқаудың жыры» шығармасы, авторы Муратқызы Айдана;
Тәуелсіздікке және «Абай – ақыл-ойдың алыбы» атты Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған үздік шығармалар (проза және поэзия) номинацияся бойынша:
Бірінші орын – «Сұлубайдың әні». Поэма шығармасы, авторы Жайлыбай Ғалым;
Екінші орын – «Өзектегі өрт». Әңгіме шығармасы, авторы Рамазан Думан Әмірғалиұлы;
Үшінші орын – «Толғау» шығармасы, авторы Жолдасбек Нұрболат Жаңабекұлы;
Үшінші орын – «Абай мен Архиерейдің әңгімесі» шығармасы, авторы Касымов Олжас Абилович;
XVI Республикалық «Елім менің» патриоттық әндер конкурсының жеңімпаздары
«Бабалар тағылымы» номинациясы (отан, рухани құндылықтар және ел тарихындағы елеулі оқиғалар туралы әндер). Бірінші орын – «Нур-Султан» шығармасы, авторы Заиров Алим Заурович;
Екінші орын – «Қазақ хандығы» шығармасы, авторы Рыспанбет Байдалы
Төлеубекұлы;
Үшінші орын – «Қазақтың кең байтақ даласы» шығармасы, авторы Абдинуров Алиби Куттымбетович;
«Тәуелсіз елдің ұланы» номинациясы (мектепке дейінгі және кіші жастағы балаларға арналған ән). Бірінші орын – «Мен бақытты баламын» шығармасы, авторы Сыздыков Дуйсенхан Ереханович;
Екінші орын – «Аңыз далам» шығармасы, авторы Абдинуров Серикжан Кутымбетович;
Үшінші орын – «Бесік жыры» шығармасы, авторы Абдинуров Алиби Куттымбетович.
Әскери саптық, марштық әндер номинациясы
(әскери түрлері бойынша)
Үшінші орын – «Десантшылар әні» шығармасы, авторы Тани Айсұлу Бақытқызы.
Танымалды
-
24-27 қыркүйек күндері аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасындағы Әзербайжан Республикасының Мәдениет күндері өтеді
-
Елордада Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті
-
«The Voice» Халықаралық имидждік жобасының үшінші кезеңі өтеді
-
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының Гала-концертін тамашалады
-
«Анев-2024 – түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылуы өтеді