Бетховен атындағы халықаралық скрипкашылар байқауы 1987 жылы Санкт-Пельтен (Австрия) құрылды. Негізін қалаушы және көркемдік жетекшісі профессор Гернот Винишхофер (Австрия).
Байқаудың мақсаты — жас таланттарды ашу және қолдау, музыкалық мәдениет пен өнерді дәріптеу, түрлі елдердің мәдениеттерін дәріптеу.
Аталған конкурсқа Қазақстан Республикасынан Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп — интернатының 7 сынып оқушысы, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Сағадат Омарғазин қатысады.
Аталған байқау аясында Сағадат Омарғазин жоғары музыкалық академиялардың скрипкашы профессорларының мастер — кластарына қатысуды жоспарлап отыр.
Танымалды
-
Құрметті достар!
-
«Төрлет, еңбек адамы!» атты республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті
-
Құрметті астаналықтар мен қала қонақтары!
-
Францияның әйгілі Гиме музейінде «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
-
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған «Қастерлі Отан – Қазақстан» атты мерекелік концертке барды.
