Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен 2023 жылғы 24 қазан Республика күніне орай «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында Мемлекет басшысының қатысуымен салтанатты концерт өтті.
Аталған концертте Қазақстанның Халық әртістері Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхаммедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Димаш Құдайберген, Талғат Мұсабаев, Айгүл Қосанова, Дінзухра Тілендиева, Меир Байнеш, «Құрмет» орденінің иегерлері Дархан Рахымғалиев, Зарина Алтынбаева, халықаралық конкурстардың лауреаттары Расул Жармағамбетов, Эмиль Сакавов, Елена Михеева, Жәнгір Жұбанов, Лаззат Абдуллина, Абдахмет Оразбеков, Талғат Аллаберинов, Ержан Саипов, Эльмира Шпекбаева, Галина Чеплакова, Ерік Төленов, еліміздің жас домбырашылары Дархан Мақсұтбек, Наурызбек Кузанбаев, Бекзат Мустафаев, Ерлан Жолдас және т.б. өнер жұлдыздары танымал эстрадалық әндер мен халық композиторларының шығармалары орындады.
Бұдан бөлек, «Астана Опера» театрының өнерпаздары, Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы, «Астана Балет» театры және «Dance Life» бишілер ансамблі көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін атап өткен болатын. 2023 жылы ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы күнді ұлттық мереке ретінде атап өту туралы Жарлыққа қол қойды.
Танымалды
-
24-27 қыркүйек күндері аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасындағы Әзербайжан Республикасының Мәдениет күндері өтеді
-
Елордада Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті
-
«The Voice» Халықаралық имидждік жобасының үшінші кезеңі өтеді
-
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының Гала-концертін тамашалады
-
«Анев-2024 – түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылуы өтеді