Мемлекет басшысы өз сөзінде саммиттің, шын мәнінде, маңызды жиын болатынына, Орталық Азия мемлекеттері арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын айқындайтынына сенім білдірді.
– Өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық дәйекті түрде кеңейіп келеді. Бизнес арасындағы байланыстар жанданып, бірлескен кәсіпорындар саны арта түсті. Ірі аймақтық жобалар бәрімізге айтарлықтай пайда әкеліп қана қоймай, сонымен қатар Орталық Азия экономикасының бүкіл құрылымын өзгертеді. Соңғы бес жылда өңірішілік тауар айналымы 80 пайыздан астам өсіп, 10,6 миллиард долларға жетті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, Орталық Азия сауда, инвестиция, бизнес, ғылым және инновация салалары бойынша жаңа экономикалық мүмкіндіктер кеңістігіне айналады.
– Алдағы онжылдық өңіріміздің келешегін айқындайды. Осы тарихи мүмкіндікті қаншалықты тиімді пайдаланатынымыз, ол тек өзімізге байланысты. Бұл ретте біздің экономикалық мүмкіндіктеріміз бен әлеуетімізді барынша жұмылдыру – басым міндет, – деді Мемлекет басшысы.
Саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Бесінші консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме;
2. Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы жастар саясатының жалпы бағыттары туралы келісім;
3. Орталық Азиядағы жер үсті көлігінің өзара байланысын нығайту туралы келісім.
Танымалды
-
24-27 қыркүйек күндері аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасындағы Әзербайжан Республикасының Мәдениет күндері өтеді
-
Елордада Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті
-
«The Voice» Халықаралық имидждік жобасының үшінші кезеңі өтеді
-
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының Гала-концертін тамашалады
-
«Анев-2024 – түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылуы өтеді