Петропавлдағы «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ базасында құрылған Sensitive есту қабілеті бұзылған артистердің би театры Дубайдағы хореографиялық өнер фестивалінде гран-при жеңіп алды.
Халықаралық конкурстарда дебют жасаған облыстық түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілері бірнеше номинация бойынша жеңіске жетті. Отандастарымыз «соло» (Даниал Кангожин) және «дуэт» (Евгений Кузьмин және Екатерина Воропаева) санаттарында үздік атанды. Мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің аға құрамы да ерекшеленіп, «Вена вальсі» және «Самба» хореографиялық қойылымдарымен бірінші орын иеленді. Сондай-ақ, Sensitive театры қазылар алқасының да арнайы сыйлығына ие болды.
Танымалды
-
«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлері марапатталды
-
Мәдениет қызметкерлерінің форумына 600-ден астам сарапшы қатысты
-
19–21 мамыр күндері Астанада Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған Мәдениет қызметкерлерінің форумы өтеді.
-
Құрметті достар!
-
Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады