Жаңалықтар
21.12.2017
«Әзіл әлемінде» "The Real Bad Boys Blue" тобының әншісі өнер көрсетті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі өз тарапынан қазақстандық жас дарындарды әлемнің үздік сахналарында өнер көрсетуіне тұрақты түрде қолдау жасап отырады. Сонымен қатар, Қазақстанда шетел шығармашылық ұжымдар мен жекелеген орындаушылардың өнер көрсетуі мен гастрольдерін ұйымдастыру жұмысы да өз деңгейінде өткізіледі. Осы мақсатта 2017 жылы 20 желтоқсанда Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім сарайында» белгілі өнер жұлдызы Тұрсынбек Қабатовтың «Әзіл әлемі» әзіл-концертінде атақты германиялық «Bad Boys Blue» тобының мүшесі Герберт Алленнің қатысуын ұйымдастырды.
27.11.2017
«Балалар Евровидениесі» байқауы аясында алғаш рет қазақстандық бүлдіршіндер өнер көрсетті 26 қараша күні Грузия астанасы Тбилисиде он бесінші «Балалар Евровидениесі» ән байқауының финалы өтті. Биыл байқау тарихында алғаш рет біздің елдің өрендері өнер көрсетті. Қазақстандық жас әртістер конкурстың аясында Тбилисидегі басты үш алаңқайдың бірі EuroClub деп аталатын клубта концерт көрсетіп, Балалар Евровидениесінің сахнасын бағындырды.
01.11.2017
«Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талдау жөніндегі отырысы өтті.Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша ақпараттық-түсіндірме іс-шаралары жоспарына сәйкес мақаланың негізгі ережелерін талдау өткізді. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы- қоғам дамуына тың серпін беріп, барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болар тарихи бастама. Бұл игі бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру- баршамыздың міндетіміз. Б іргелі мақаланы біз Мемлекет басшысының игі бастамаларымен жүзеге асқан «Мәдени мұра» және «Халық- тарих толқынында» бағдарламаларының заңды жалғасы сияқты, Мәңгілік Ел мұратын жүзеге асырудың түп негіздерін көрсетіп берген тұжырымдамалық бағдарлама ретінде қабылдау қажет.
23.10.2017
Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының тұсаукесері (Франция, Париж, ЮНЕСКО штаб-пәтері 17-19.10.17)Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы (UNESCO)
Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының тұсаукесері аясында 2017 жылғы 17 қазанда Париж қаласы (Франция) UNESCO штаб-пәтерінде «Жаһандық әлемдегі қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет» атты халықаралық мәдени жобасын ұйымдастырылды.
21.10.2017
Түркияда Қазақстан мәдениеті мен киносының күндері өтудеАнкара қаласында Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Ақтоты Райымқұлова мен Түркия Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Хусейн Яйман кездесті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы мен екі елдің арасындағы ынтымақты қарым-қатынастың 25 жылдығына орай ұйымдастырылған кездесу барысында бауырластық екі елдің арасындағы мәдени, руxани байланыстар, кино және музыка өнеріндегі, т.б. тығыз қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселелері әңгіме өзегіне айналды
05.09.2017
«Менің Қазақстаным» атты халықаралық ән фестивалі2017 жылғы 3 қыркүйекте сағат 18.00-де Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында ЭКСПО-2017 Халықаралық арнайы мамандандырылған көрмесінің мәдени ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының бағдарламалары аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Шәмші Қалдаяқовтың атындағы «Менің Қазақстаным» атты халықаралық ән фестивалін ұйымдастырды.
29.08.2017
Елордада Конституция күніне орай мерекелік концерт өтті29 тамыз, 2017. Астана. Бүгін «Қазақстан» Орталық концерт залында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты концерт өтті. Отандық және шетел өнерінің жұлдыздары және еліміздің жетекші шығармашылық ұжымдары Астананың бас сахнасында туған елге деген сүйіспеншілік пен мерекелік көңіл күй сыйлады. Бас ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.
14.08.2017
«Ермек Серкебаев шақырады» атты Халықаралық опера және балет фестиваліӨткен ғасырдың 80-жылдары атақты артист өзінің «Ермек Серкебаев шақырады» атты Халықаралық опера және балет фестивалін өткізді, фестивальге танымал отандық және шетел орындаушылары қатысты.
08.08.2017
ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің мәдени ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының аясында «Астана Опера» театрының Үлкен залында «Травиата» спектаклінің қойылымы өтті.Әлемге әйгілі әнші, опера майталманы Пласидо Доминго «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай ұйымдастырылып отырған «Опералия» халықаралық фестивалінің аясында өткізіп отырған Д.Вердидің «Травиата» операсында өнер көрсетті.
01.08.2017
2017 жылғы 21 шілдеде сағ.20-00-де «Астана Опера» театрында ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің мәдени ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының аясында атақты композитор Г.Малердің 8-ші симфониясының премьерасы өтті.«Астана Опера» театрының концерттік залы көрермендерге толы болды. Көрнекті австриялық композитор Густав Малердің 8 симфониясын орындау - айтулы орасан зор оқиға. Әлем тарихы мен оның қалай өзгергені жөнінде мәнін түсіну және онымен өзінің де бірге өзгеруі үшін осындай зияткерлік музыканы тыңдау керек. Сегізінші симфонияны "Симфонияның мың қатысушысы" деп атаған. Автор өзі шығармаларының бүкіләлемдік ауқымын былай атап көрсеткен: "Меніңше, бүкіл ғалам: тек адам дауысы ғана емес, бүкіл планета мен Күн ән шырқап жатқандай".
09.07.2017
Астана қаласы Бейбітшілік және Келісім сарайы алдындағы ашық алаңда «Қыз Жібек» операсы қойылдыСіз ер қанаты атты .... Бейбітшілік және Келісім сарайы алдында байланып тұрғанын бұрын соңды көргеніңіз бар ма?
03.07.2017
Димаш Құдайбергеннің «Bastau Live show» атты концерті өтті2017 жылғы 27 маусымда «Астана Арена» стадионында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Димаш Құдайбергеннің «Bastau Live show» атты концерті өтті.



