Димаш Құдайбергеннің «Bastau Live show» атты концерті өтті
03.07.2017
2017 жылғы 27 маусымда «Астана Арена» стадионында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Димаш Құдайбергеннің «Bastau Live show» атты концерті өтті.
30 мыңға тарта көрермендер Димаш Құдайбергеннің дауысын естуге және өз көздерімен көруге ағылып келіп жатты. Жарық пен дыбыспен әрленген шоу 3 сағаттан астам уақытқа созылды. Мерекелік концертте ресейлік әнші Кристина Орбакайте, Димаш Құдайбергеннің «I am a singer» конкурсында бірге қатысқан қытайлық әнші Терри Лин, швециялық әнші Лорин, ұлыбританиялық танымал әнші Элит-Бекстор Софи өнер көрсетті, сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Майра Мұхамедқызы Димашпен бірге ән шырқады.








