«Менің Қазақстаным» атты халықаралық ән фестивалі
05.09.2017
2017 жылғы 3 қыркүйекте сағат 18.00-де Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында ЭКСПО-2017 Халықаралық арнайы мамандандырылған көрмесінің мәдени ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының бағдарламалары аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Шәмші Қалдаяқовтың атындағы «Менің Қазақстаным» атты халықаралық ән фестивалін ұйымдастырды.
Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық фестиваль 1992 жылдан бастап өткізіліп, талай таланттардың тұсауын кесіп, үлкен сахнаға жолдама берді.
Шәмші Қалдаяқов әндері ерекше әуезділігімен, шарықтап шырқалуымен және жаныңды баурайтын лирикалық әуенімен ерекшеленеді. Оның шығармашылық үлесі қазақстандық эстрадалық әндер әуенін ұлттық нақышпен байланыстыра білуінде болып табылады. Дәл осындай өткен мен нақты сұраныстар дәстүрінің ғажайып үйлесімдігі оның шығармаларына деген орасан зор танымалдылықты қамтамасыз етті. Оның көптеген шәкірттері өздерінің ұлағатты ұстазының дәстүрін күні бүгінге дейін жалғастыруда. Халықаралық Ш. Қалдаяқов әндерінің халықаралық фестивалі осыған дәлел іспеттес. Фестивальдің басты мақсаты – қазақтың ән өнерін дамыту, дарынды композиторының шығармашылығын насихаттау болып отыр.
Лирикалық әндеріне қарай «Қазақ вальсінің королі» деп атап кеткен қазақ музыка өнерінде өз орын бар Шәмші Қалдаяқовтың 300-тарта жуық әндері бар. Бүгінгі кеште осы әндерінің ең көп таралған, халық жүрегінен өз орнын алған әндер орындалды.
Халықаралық арнайы мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесінің аясында өткізіліп отырған бұл концертте Қазақстанның Халық артисі Нұрғали Нүсіпжанов композитордың «Әнім сен едің» әнін шырқаса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жеңіс Сейдуллаұлы, Медеу Арынбаев, Алтынай Жорабаева, танымал «МузАрт- Live» тобы көрермендермен бірге ең көп таралған әндері «Кешікпей келем деп ең», «Ақ бантик», «Өмір-өзен», «Ана туралы жыр» әндерін нақышына келтіре орындады. «Евровидение-2017» халықаралық конкурсының лауреаты Кристиан Костов ұлы композитордың «Құшақ жайған әнін» тебірене шырқап, көрермендердің көңілінен шықта. Ән соңында осы әнді Шәмші Қалдақовтың әндерін сүйіп тыңдайтын атасы мен әжесіне арнайтынын бала жүрегімен жеткізді. Сонымен қатар, концертте өзге өнер шеберлері өнер көрсетті.
https://tengrinews.kz/conference/217/



