Бүгін қазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбаевтың күні!

Бүгін қазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбаевтың күні!

Абай мұрасы — халқымыздың руханиятын әлемге танытатын теңдесі жоқ құндылық. Оның әділдік, адалдық, адамгершілік идеяларына негізделген, тағылымы мол шығармашылығы — қазақ әдебиетінің жауһары.

Сөзі — қазақтың бойтұмары, мұрасы – қазақтың қазынасына айналған Абай халқымызды Отан сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиеледі. Ал туған жерге деген құрмет жақыныңа көрсеткен қамқорлықтан бастау алады. Баршамызға ортақ Абай күнімен сіздерді шын жүректен құттықтап, әрбір отбасыға құт-береке, ырыс-несібе тілейміз.