Республика күніне арналған салтанатты концерт өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 22 қазан «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында Мемлекет басшысының қатысуымен Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Мерекелік шара барысында, Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Секен Тұрысбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әйгерім Бекетаева, еліміздің мақтанышы, әлемдік деңгейдегі  күміс көмей опера әншісі Мария Мудряк, халықаралық конкурстардың лауреаттары: Ербол Тәжібаев, Салтанат Серкебаева, Маргарита Опря, Далер Запаров, Ұшқын Жамалбек, Әсет Есжан, Әйгерім Рашиева және т.б. өнер жұлдыздары танымал эстрадалық әндер мен халық композиторларының шығармаларын орындады.

Республика күні мерекесі қарсаңында елорда тұрғындары мен қонақтарына «Астана Опера» театрының хоры, барабаншылар ансамблі және «Sensitive» бишілер театры өнер көрсетті.

Айта кетейік, биыл Қазақстан 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін тойлайды, үстіміздегі жылы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы күнді ұлттық мереке ретінде атап өту туралы жарлыққа қол қойды.

 «Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек», — деп атап өткен еді Мемлекет басшысы.

25 қазан Республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің No307-XII Жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын.

Состоялся торжественный концерт посвященный Дню Республики



22 октября 2022 года в государственном театре оперы и балета «Астана Опера», состоялся праздничный концерт, посвященный Дню Республики с участием главы государства, организованным Министерством культуры и спорта Республики Казахстан.

В ходе праздничного мероприятия приняли участие народный артист Казахстана Тунгышбай Жаманкулов, заслуженный артист Казахстана Секен Турысбеков, заслуженный деятель Казахстана Айгерим Бекетаева, гордость нашей страны, молодая мировая оперная певица с уникальным голосом Мария Мудряк, лауреаты международных конкурсов: Ерол Тажибаев, Салтанат Серкебаева, Маргарита Опря,  Далер Запаров, Ушкын Жамалбек, Асет Есжан, Айгерим Рашиева и другие звезды искусства исполнили популярные эстрадные песни и произведения народных композиторов.

В преддверии празднования Дня республики для жителей и гостей столицы выступили хор театра «Астана Опера», ансамбль барабанщиков и театр танцоров «Sensitive».

Отметим, что в этом году Казахстан впервые за 13 лет отмечает День Республики, в этом году президент Касым-Жомарт Токаев вновь утвердил его одним из самых знаменательных дат.

 «День республики должен стать символом смелого шага страны к государственности. Разумеется, День независимости остается главным национальным праздником. В этот день следует чествовать наших национальных героев, внесших значительный вклад в обретение независимости», — отметил Глава государства.

День Республики 25 октября был выбран не случайно. 1990 году в этот же день Указом Верховного Совета Казахской Советской Социалистической Республики No307-XII была принята Декларация О государственном суверенитете Казахской Советской Социалистической Республики.