V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қазақстанда өтеді
Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев өзінің Facebook парақшасында жазды.
«Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен Мәдениет және спорт министрлігі делегациясы IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысу үшін Түркияға арнайы барып, ақжолтай жаңалықпен оралып отыр.
Сапар барысындағы өзекті мәселелердің бірі – Қазақстанда V Ойындарды өткізу жөніндегі келіссөздер болатын.
Нәтижесінде, Түркияның Жастар және спорт министрі Мехмет Касапоглу кеше салтанатты түрде аталған ауқымды шараның эстафетасын елімізге табыс етті.
Яғни, ресми түрде Қазақстан – 2024 жылғы 5-ші Дүниежүзі көшпенділер ойындарын өткізуші мемлекет ретінде белгіленді.
Бұл – айтарлықтай қуаныш, әрі аса жауапты жұмыс.
Мыңжылдықтардың мұрасына ие, көшпелі дала салтын ұлықтаған ел ретінде бұл дүбірлі доданы жоғары деңгейде өткіземіз деп сенемін.
Кеше Түркия төрінде ел намысын қорғап, ерекше нәтиже көрсеткен барлық жеңімпазды тағы да шын жүректен құттықтаймын!»,- деді Дәурен Абаев.
V Всемирные игры кочевников пройдут в Казахстане
Об этом написал Министр культуры и спорта Даурен Абаев на своей странице в Facebook.
«По прямому поручению Главы государства делегация Министерства культуры и спорта прибыла в Турцию для участия в IV Всемирных играх кочевников. Одним из ключевых вопросов нашей повестки стали переговоры касательно проведения V Игр в Казахстане.
И вот вчера в торжественной обстановке Министр по делам молодежи и спорта Турции Мехмет Касапоглу передал эстафету этого масштабного мероприятия нашей стране.
Официально Казахстан — страна-хозяйка V всемирных игр кочевников 2024»,- сказал Даурен Абаев.
Танымалды
-
24-27 қыркүйек күндері аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасындағы Әзербайжан Республикасының Мәдениет күндері өтеді
-
Елордада Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті
-
«The Voice» Халықаралық имидждік жобасының үшінші кезеңі өтеді
-
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының Гала-концертін тамашалады
-
«Анев-2024 – түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылуы өтеді