«БІРЛІК АЛУАНТҮРЛІЛІКТЕ» атты мерекелік концерт

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен ХХ Хатшылық және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерларының VII Съезді қатысушыларының құрметіне «БІРЛІК АЛУАНТҮРЛІЛІКТЕ» атты мерекелік концерт өтті.

Мерекелік іс-шарада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыркөзов, Нұрболат Арзамас, Жамиля Жарқымбаева және халықаралық конкурстардың лауреаттары Жақсыкелді Маясаров, Елена Ганжа, Ақбике Алғи танымал эстрадалық әндер мен халық композиторларының шығармаларын орындады.

Бұдан басқа, «Астана Опера» театрының хоры, балет труппасы және симфониялық оркестрі, Мемлекеттік республикалық академиялық корей театрының би ұжымы, «Астана сазы» фольклорлық ансамблі, «Астана Балет» театры көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады.     

Шара аясында, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Димаш Құдайберген «The story of one sky» атты кезекті жаңа шығармасын орындады.     

«БІРЛІК АЛУАНТҮРЛІЛІКТЕ» атты мерекелік іс-шараны көрермен қауым ерекше ықыласпен қабылдап, шет елдік әріптестер де жоғары бағалады.

Министерством культуры и спорта Республики Казахстан в честь ХХ Секретариата и участников VII Съезда лидеров мировых и традиционных религий состоялся праздничный концерт «ЕДИНСТВО В МНОГООБРАЗИИ».

На праздничном мероприятии заслуженные деятели Казахстана Азамат Жылтыркозов, Нурболат Арзамас, Жамиля Жаркимбаева и лауреаты международных конкурсов Жаксыкельды Маясаров, Елена Ганжа, Акбике Алги исполнили популярные эстрадные песни и произведения народных композиторов.

Кроме того, хор, балетная группа и симфонический оркестр театра «Астана Опера», танцевальный коллектив Государственного республиканского академического корейского театра, фольклорный ансамбль «Астана сазы», театр Астана Балет » подарили зрителям прекрасное настроение.

В рамках мероприятия «Заслуженный деятели Казахстана» Димаш Кудайберген исполнил очередное новое произведение «The story of one sky».

Праздничное мероприятие «ЕДИНСТВО В МНОГООБРАЗИИ» было воспринято публикой с особым вниманием и высоко оценено зарубежными коллегами.