Қоғам 10 жыл ішінде Қазақстан Республикасының шегінде және шегінен тыс елдерде концерттер, іс-шаралар, көрмелер, театрлық қойылымдарды, яғни Қазақстандағы әр елдің мәдениет күндерін және шетелдегі Қазақстан мәдениет күндерін өткізді.
Концерттік бағдарламаларда қазақ және қазақстандық ақындар мен жазушылардың үздік шығармалары шырқалды. Үздік музыкалық және би ұжымдары, опера және балет, эстрада жұлдыздары қатысты.
Қоғам Showcraft Productions Pvt. Ltd (Үндістан), Alaman Consulting GmbH (Австрия), Firma DR Gabriel Minz (Германия), FC Group LLC (АҚШ, Франция) және т.б. секілді ірі шетел компанияларымен жұмыс істеу тәжірибесі бар.
Осындай іс-шараларды өткізу отандық мәдениетті кеңінен насихаттауға және өзара байланыстарды нығайту үшін алғы шарттар құруға мүмкіндік береді.
2007 жыл:
- Украинадағы Қазақстан жылы,
- Қазақстандағы Украина жылы
- Қазақстандағы Түркіменстан мәдениет күндері
- Қазақстандағы Тәжікстан мәдениет күндері
- Египеттегі Қазақстан мәдениет күндері
2008 жыл:
-Қазақстандағы Катар мәдениет күндері,
- Моңғолиядағы Қазақстан мәдениет күндері, Улан-Баторда қазақ мәдени орталығының ашылуы,
- Қазақстандағы Египет мәдениет күндері және ежелгі Мысыр ескерткіштерін,
- Тәжікстандағы Қазақстан мәдениет күндері
- Жапониядағы Қазақстан мәдени фестивалі,
- Қазақстандағы Украина жылының жабылуы.
2009 жыл:
- Германиядағы Қазақстан жылы. Зергерлік бұйымдар, фото және бейнелеу өнері, сирек кітаптар, Алтын адам, сақ алтындары, ертеректегі және жаңа тарихи көрмесі. Германияда Құрманғазы атындағы Мемлекеттік халық аспаптардың академиялық оркестрінің және Мемлекеттік республикалық неміс драма театрының гастрольдері. Германиядағы Қазақстан жылының аясында Абай атындағы МОБТ гастролі.
- БАӘ-де Қазақстан Республикасының мәдениет күндері,
- Беларусь Республикасындағы Қазақстан Республикасының мәдениет күндері,
- Түркіменстандағы Қазақстан мәдениет күндері,
- Сауд Арабиясындағы Қазақстан мәдениет күндері. «Отырар сазы» Н. Тілендиев атындағы оркестрдің гастролі және көрме,
- Иорданиядағы Қазақстан Республикасының мәдениет күндері.
2010 жыл:
- Қазақстанның ОБСЕ-де Төрағалық ету жылы,
- Оңтүстік Кореядағы Қазақстан жылы. Сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнерінің көрмесі. Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрының гастрольдері. Қазақстанның кино күндері,
- Қазақстандағы Үндістан мәдениет күндері,
- Қазақстандағы Моңғолия мәдениет күндері.
2011 жыл:
- Қазақстандағы Корея жылының ашылуы аясында 5Азия елінің конференциясы,
- Үндістандағы Қазақстан мәдениет күндері,
- Франциядағы Қазақстан мәдениет күндері.
2012 жыл:
- «Астана – түркі мәдениетінің астанасы - 2012» жылы,
- Қазақстандағы Әзірбайжан мәдениет күндері,
- Қазақстандағы Вьетнам мәдениет күндері,
- Түркиядағы Қазақстан мәдениет күндері,
- Қазақстандағы Үндістан мәдениет күндері,
- Оңтүстік Корея және ҚР арасындағы дипломатиялық қатынас орнатылғанына 20-жыл толуын мерекелеу аясында Оңтүстік Кореядағы Қазақстандағы мәдениет күндері,
- Қырғызстандағы Қазақстан мәдениет күндері,
- Әзірбайжандағы Қазақстан мәдениет күндері.
2013 жыл:
- Қазақстандағы Индонезия мәдениет күндері,
- Австриядағы Қазақстан мәдениет күндері,
- Қытайдағы Қазақстан мәдениет күндері,
- Беларусь Республикасындағы Қазақстан мәдениет күндері,
- Украинадағы Қазақстан мәдениет күндері,
- Вьетнамдағы Қазақстан мәдениет күндері,
- Қазақстандағы Қырғызстан мәдениет күндері,
- Қазақстандағы Француз мәдениеті апталығы.
- жыл:
— АҚШ-тағы Қазақстан мәдениет күндері,
- Франциядағы Қазақстан мәдениет күндері,
- Қазақстандағы Түркіменстан мәдениет күндері,
- Қазақстандағы Қытай мәдениет күндері,
— Қазақстандағы Австрия мәдениет күндері.



