Астана қаласында Дж. Вердидің «Аида» операсының қойылымы болды
19.06.2017 Джузеппе Вердидің «Аида» операсы әлемдік танымалдыққа ие. Бұл айшықты және ауқымды спектакль, мұнда алып тұлғалы көпшілік сахнасы, билер мен әнұрандар аясында шым-шытырыққа толы адамдар драмасы өрбиді.2017 жылғы 15 маусымда сағ. 22-00-де Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайы алдындағы алаңда ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің мәдени ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының аясында Дж. Вердидің «Аида» операсының қойылымы болды.
Ашқ аспан астындағы сахнада нағыз аншлаг болды: 1300 қонақ жоғары өнерге тәнті болды. Билет сатып алуға үлгермеген көптеген қала тұрғындары мен қонақтары «залдан» тысқары жерде тұрды, олар көре алмаса да ең болмаса тамаша артистердің дауысын есту мүмкіндігіне ие болды.






