2024 жылғы 24-27 қыркүйек күндері аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасындағы Әзербайжан Республикасының Мәдениет күндері өтті

Қазақстан Республикасындағы Әзербайжан Республикасының Мәдениет күндері аясында келесі іш-шаралар өтті:

          24 қыркүйек күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Физули – 530 жарты шумақ» кітабының тұсаукесерімен бастау алды.

          24 қыркүйек күні сағат 20:00-де — Қ. Қуанышбаев атындағы Ұлттық музыкалық драма театры этно-джаз концерті өтті.

          25 қыркүйек сағат 11:00-де — Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан мен Әзербайжан Ұлттық кітапханалары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, сондай-ақ «Әзербайжан әдеби бұрышы» ашылды.

          25 қыркүйек сағат 12:00-де — Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Әзірбайжанның халық жазушысы Эльмира Ахундованың «Зарифа және Гейдар Алиевтер. Мәңгі махаббат тарихы» кітабының тұсаукесері және сағат 15:00-де Әзірбайжанның халық жазушысы Шыңғыс Абдуллаевпен кездесу өтті.

          25 қыркүйек сағат 17:30-да — Бейбітшілік және Келісім сарайында «Әзербайжан өнерінің жауһарлары» атты көрмесі ашылды.

          25 қыркүйек сағат 19:00-де — Бейбітшілік және Келісім сарайында Әзербайжан мемлекеттік би ансамблінің концерті өтті.

          26 қыркүйек сағат 11:00-де — Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Әзербайжан Ұлттық өнер музейінің директоры, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ширин Маликованың «Әзербайжанның қазіргі заманғы өнері» тақырыбында және Әзербайжан Мәдениет министрлігінің Өнер және материалдық емес мәдени мұра бөлімінің меңгерушісі Севиль Каримованың «Әлемдік өнердегі Томрис иконографиясы» тақырыбында дәрістері ұйымдастырылды.

          26 қыркүйек күні — 19:00-де — Қ. Қуанышбаев атындағы Ұлттық музыкалық драма театрында Қазақстан Республикасындағы Әзербайжан Республикасының Мәдениет күндерінің жабылу салтанаты аясында Әзербайжан өнері шеберлерінің Гала-концерті өтті.