2023 жылғы 8 маусым Астана халықаралық форумының мәдени бағдарламасы аясында «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстан өнер шеберлерінің Гала-концерті өтті.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2023 жылғы 8 маусым Астана халықаралық форумының мәдени бағдарламасы аясында «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстан өнер шеберлерінің Гала-концерті өтті.

Мерекелік шара барысында, Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Абзал Мұхитденов, Ерлан Рысқали, Медет Шотабаев, Мейір Байнеш, «Құрмет» орденінің иегері Руслан Баймурзин, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Қанат Омаров, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Расул Жармағамбетов, халықаралық конкурстардың лауреаттары: Рамзат Балакишиев, Ақбике Алғи, Жібек Мұсағалиева, Рахиль Мусаходжаева, Камила Жүнісова, Аружан Төлебаева, Айымжан Кабсалямова, Мария Мудряк, Темірлан Бейсенбай, Ержан Максим, Ұшқын Жамалбек, Зарина Божакова, Ербол Тәжібаев жәнеде т.б. өнер жұлдыздары танымал эстрадалық әндер мен халық композиторларының шығармаларын орындады.