Конституция күні құтты болсын!

2022 жылғы 27 тамызда сағат 16:00- де Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен, «Қазақ әуендері» АҚ Конституция Күніне орай мерекелік кеш өткізді.

Еліміздің Конституциясы – бұл заң қарпінде өрнектелген жалпыұлттық идея. Ол біздің ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақтарының азаттық және өз тағдырын өзі шешу мүмкіндігі туралы, билік барша халықтың мүддесіне қызмет ететін мемлекет туралы, бүкіл әлемге белгілі әрі құрметтелетін тәуелсіз ел туралы армандарының осы заманғы құқықтық түсініктерін бейнеледі.

 Республика Конституциясының Күні — барлық Қазақстан халқы мерекелейтін жалпы мемлекеттік мейрам.

Концертте ҚР еңбек сіңірген әртісі Айгүл Үлкенбаева және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Тамара Асар, Нұрлан Абдуллин, Медет Чотабаев, мәдениет саласының үздіктері Сатжан Саменов, Галина Чаплакова, Расул Жармагамбетов, Айбар Хайырханов, Динмухамед Кошкенбаев, Мади Сыздыков, Сангина Шарипова, республикалық конкурстардың жеңімпазы  Куралай Мейрамбек, МузАрт Life тобы және    XXV Дүниежүзілік орындаушылық өнер түрлері чемпионатының Гран-при иегерлеріесту, сөйлеу қабілетінен айырлған жандардан құрылған — «Sensitive»    бишілер театры өнер көрсетті.

27 августа 2022 года в Государственном академическом казахском музыкально-драматическом театре имени К. Куанышбаева при поддержке Министерства культуры и спорта Республики Казахстан АО «Қазақ әуендері» провел праздничный концерт, посвященный ко Дню Конституции.        

Конституция Страны – это общенациональная идея, выраженная в законопроекте. Он отразил современные правовые представления многих поколений наших предков о свободе и возможности самостоятельно решать свою судьбу, о государстве, где власть служит интересам всего народа, о независимой стране, известной и уважаемой во всем мире.

День Конституции Республики — общегосударственный праздник, отмечаемый всем народом Казахстана.

В концерте приняли участие заслуженная артистка РК Айгуль Улкенбаева и заслуженные деятели Казахстана Тамара Асар, Нурлан Абдуллин, Медет Чотабаев, Айгуль Улкенбаева, деятели культуры Сатжан Саменов, Галина Чаплакова, Расул Жармагамбетов, Айбар Хайырханов, Динмухамед Кошкенбаев, Мади Сыздыков, Сангина Шарипова, победительница республиканских конкурсов Куралай Мейрамбек, группа МузАрт Life и обладатели Гран-при XXV всемирного чемпионата исполнительских видов искусств – театр танцоров «Sensitive», созданный из людей с потерей слуха, речи.