2022 жылғы 1 маусымда Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің №1 мамандандырылған мектеп-интернатында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті.
Мерекелік концерттің шымылдығын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қуыршақ» театры көңілді қойылыммен ашты. Ал мәре-сәре болған оқушы балалар олардың қимылдарын қайталап, бірге билеп, көңіл көтерді. Театр әртістері түрлі қойылымдар қойып, балаларға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Сонымен қатар, аталмыш концертте эстрада әншісі, «Qazaqstan Dauysy» байқауының қатысушысы, 2021 балалар Евровидениесінің финалисті Айғаным Амантай, халықаралық конкурстардың лауреаты Рухия Байдүкенова, «Удиви меня» телевизиялық байқауының жеңімпазы Игорь Овсейчик, Қазақ ұлттық өнер университетінің колледж студенттері Мубаракова Мадина мен Жақсылық Мадина сынды өнерпаздар өнер көрсетіп, оқушылар мен мектеп ұжымының ерекше ықыласына бөленді.
Шара соңында ұйымдастырушылар мектеп оқушыларын мерекемен құттықтап, тәтті сыйлықтар табыс етті.
Популярное
-
5-11 маусым күндері аралығында Қазан қаласында түркі халықтарының XVI «Наурыз» Халықаралық театр фестивалі өтті.
-
12.06.2023 ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ ДЕНЬ ОБЩЕНАЦИОНАЛЬНОГО ТРАУРА
-
2023 жылғы 7-9 маусым күндері аралығында Сочи қаласы (Ресей Федерациясы) «Зимний» театрында Еуразиялық үкіметаралық кеңес аясында Еуразия халықтарының мәдениет және өнер фестивалі өтті.
-
ТҮРКСОЙ БАС ХАТШЫСЫН II ДӘРЕЖЕЛІ «ДОСТЫҚ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАУ ЖӨНІНДЕ ПРЕЗИДЕНТ ЖАРЛЫҒЫ, МӘДЕНИЕТ МИНИСТРЛЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ, ГАЛА-КОНЦЕРТ ЖӘНЕ КӨРМЕЛЕР: АЛМАТЫДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ
-
2023 жылғы 8 маусым Астана халықаралық форумының мәдени бағдарламасы аясында «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстан өнер шеберлерінің Гала-концерті өтті.
