Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай елорданың Конгресс-орталығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Ата Заң — Тәуелсіздік тірегі» атты мерекелік концерт өтті.
Концерттік бағдарлама аясында сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айтқали Жайымов пен Рамазан Стамғазиев, «Құрмет» орденінің иегері Дархан Рахымғалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдина, халықаралық байқаулардың лауреаттары, оның ішінде Алтыншаш Мұқатаева мен «Витебск» халықаралық байқауының жеңімпазы Шерхан Арыстан және басқа да танымал орындаушылар өнер көрсетті.
Сонымен қатар, концертке ҚР МКҚ Президенттік оркестрінің эстрадалық-симфониялық оркестрі, Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі, «Наз» мемлекеттік би театры, «Әдемі-ау» қазақ би ансамблі және еліміздің басқа да шығармашылық ұжымдары қатысты.
Танымалды
-
Бибігүл Төлегенованың ХІІ Халықаралық вокалистер байқауының Бас жүлдесі Бакуге кетті
-
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне қатысты
-
Тәжікстан Республикасының халық шығармашылығы мен ұлттық костюмдер, кескіндеме және фото көрмесі өтті
-
Тәжікстан кино күндерінің ашылуы өтті
-
Тәжікстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Мәдениет күндері өтеді