#Bastau Live show

25.06.2017 Димаш Құдайбергенов – «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты, «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға қосқан ерен еңбегі үшін» ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 2016 жылы Д. Құдайбергенов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының мәдениет саласындағы Мемлекеттік стипендиясына ие болды.

Витебскте өткен «Славян базары-2015» шығармашылық байқауындағы жеңісінен соң Димаштың танымалдылығы арта түсті. Сол жылы ол Стамбул қаласында өткен «ABU TV song» Халықаралық Азия-Тынық мұхит елдері телефестивалінде алғаш рет Қазақстанның атынан қатысты.

Димаш Құдайбергеновтың қазақ эстрадасында пайда болуы нағыз сенсация болды. Жас әншінің ешкімге ұқсамайтын, қайталанбас дауысы тек Қазақстандағы ғана емес, шетелдің миллиондаған тыңдармандарының жүрегінен бірден орын алды. Димаш қытайлық «I am a singer» кәсіби әншілердің телевизиялық конкурсында вокалдық таңғажайып өнер көрсете отырып, жүлделі ІІ орынға ие болды.

Мерекелік концерт ресейлік әнші Кристина Орбакайте, Димаш Құдайбергеннің «I am a singer» конкурсында бірге қатысқан қытайлық әнші Терри Лин, швециялық әнші Лорин, сондай-ақ британиялық танымал әнші Элит-Бекстор Софи қатысады деп күтілуде.

«Қазақ әуендері» АҚ баспасөз хатшысы – Анаргүл Мүбәракова
Анықтама телефондары: 99-63-90, ұялы 87017951756.