«Ермек Серкебаев шақырады» атты Халықаралық опера және балет фестивалі
14.08.2017
Өткен ғасырдың 80-жылдары атақты артист өзінің «Ермек Серкебаев шақырады» атты Халықаралық опера және балет фестивалін өткізді, фестивальге танымал отандық және шетел орындаушылары қатысты. Қазіргі таңда Ермек Серкебаев атындағы Мәдениетті және өнерді қолдау қоры осы дәстүрді жалғастыруда. Бүгінгі атақты әншіні еске алуға арналған Гала-концерт Астана қаласында ЭКСПО-2017 Халықаралық арнайы мамандандырылған көрмесі аясында ұйымдастырылып отыр. Астана қаласы әкімдігінің және Ермек Серкебаев атындағы Мәдениетті және өнерді қолдау қорының қолдауымен өтетін Гала-концерттің басты ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі болып табылады. Жетекші қазақстандық артистердің әлемдік опера жұлдыздарымен бірге өнер көрсетуі, Ермек Серкебаев дамуына үлкен үлес қосқан Қазақстан опералық өнерінің жоғары деңгейін көрсетеді.



