2010 жыл – Қазақстанның ОБСЕ-де төрағалық еткен жылы. Концерттер дайындау және өткізу; Қазақстанның ОБСЕ-де Төрағалығын мәдени презентациялауға арналған картиналар, фото және өзге де көркем материалдарды экспозициялауды ұйымдастыру еліміздің шығармашылық әлеуетінің жетістіктерін көрсету болып табылды. Қоғамның жоғары мәртебесі және даму деңгейі туралы куәландыратын елдің жағымды және табысты имиджін құру және жылжыту құралдарының бірі болып табылады, бұнда – ұлты мен көзқарасына қарамастан мәдениеттің әмбебап тілі бәріне қолжетімді.
Сонымен қатар осындай іс-шараларды өткізу отандық мәдениетті кеңінен насихаттау үшін едәуір тиімді жағдайды құруға және мәдени-білім беру байланыстрын нығайту үшін алғы шарттар құруға, еуропалық аудиторияға біздің құндылықтарымызды – толеранттылық пен гуманизмді жеткізуге мүмкіндік берді.
ОБСЕ-де қалыптасқан тәжірибеде, төрағалық етуші ел төрт концерт ұйымдастырады.
Осылайша, 2010 жылғы 13 қаңтарда Вена қаласында Хофбург Императорлық Сарайының Фестзалында «Қазақстан өнер шеберлерінің» бірінші концерті өтті. Қазақстанның ОБСЕ Төрағалығы орнында басталуы шеңберінде келесі іс-шараларөтті: ОБСЕ Тұрақты кеңесінің отырысы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «неміс тілінде «Қазақстандық жол», «Қазақстан – Еуразия жүрегі» фото көрме ұйымдастырылды.Бұдан өзге, маңызды концерттердің бірі «номер – тосынсый» концерті болып табылады. Бұл концерт 2010 жылғы 26-27 ақпанда Вена қаласында дәстүрлі және танымал ОБСЕ Балы кезінде өтті.
Екінші концерт толеранттық және дискриминацияламау бойынша жоғары деңгейде ОБСЕ Конференциясы шеңберінде Бейбітшілік және келісім сарайында 2010 жылғы 28 шілдеде өтті.
Үшінші концерт, Қазақстанның өнер шеберлерінің концерті ОБСЕ қатысушы елдер Басшылары мен Үкімет Басшылары саммитінің аясында «Қазақстан» ОКЗ залында 2010 жылы 30 қарашада ұйымдастырылды. Бұл іс-шара қазақстандық төрағалық етудің, ОБСЕ-де біздің төрағалығымыздың күн тәртібіндегі басымды бағыты толеранттық мәселесін ескере отырып, өзекті іс-шаралардың бірі болып табылады.
Осылайша, Саммит аясында өткізілген мәдени іс-шаралар ОБСЕ-де Қазақстанның Төрағалығы аясында еліміздің мәдени презентациясын қорытындылады.



