«Әлем таныған Димаш»

28.04.2017 2017 жылғы 25 сәуірде сағат 19-00-де «Қазақстан» орталық концерттік залында «Әлем таныған Димаш» атты «I am a singer» кәсіби әншілердің телевизиялық конкурсының жүлделі ІІ орын иегері Димаш Құдайбергенді марапаттауға арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Кеш әншімен шығармашылық әңгімелесу форматында өтеді. Сахнада Димаш Құдайберген, ата-анасы Қанат және Света Айтбаевтар, белгілі айтыскер ақын Жансая Мусина және танымал әнші Ұшқын Жамалбек Димашқа жазған арнау әндерімен өнер көрсететті.