Е. Брусиловскийдің атақты «Қыз Жібек» операсының ашық аспан астындағы
01.07.2017
2017 жылғы 5 шілдеде сағ. 21-00-де Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайы алдындағы алаңда ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің мәдени ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының аясында Е. Брусиловскийдің атақты «Қыз Жібек» операсының ашық аспан астындағы қойылымы болады.
83 жыл бұрын жарыққа шыққан алғашқы қазақ операсы «Қыз Жібек» бірден ұлттық музыкалық өнердің інжуі ретінде танылды. Жібек пен Төлегеннің қайғылы махаббаты туралы аттас халық лиро-эпостық поэмасының негізінде либреттоны белгілі драматург және жазушы Ғабит Мүсірепов, ал музыкасын Евгений Брусиловский жазды. Композитор, қазақ халық әндері мен күйлерін, сонымен қатар халық сазгерлері – Ыбырай, Мұхит, Жаяу Муса, Тәттімбеттің шығармаларын, еуропалық аспаптау мен гармония өнерін қазақ музыкасында батыл қолдана білді.
Опера тұсаукесері 1934 жылы Қазақ музыкалық театрының сахнасында өтті (қазіргі Абай атындағы МАОБТ). 1936 жылы мамыр айында Мәскеудегі қазақ өнері мен әдебиетінің алғашқы онкүндігінде көрсетілген «Қыз Жібек» зор әсер қалдырды.
Басты партияларда әр уақытта КСРО халық әртістері К. Бәйсейітова, Р. Жаманова, Б. Төлегенова, Қазақ КСР Халық әртістері Қ. Бәйсейітов, М. Ержанов, Ғарифолла Құрманғалиев, Қазақстанның Халық әртісі Н. Үсенбаева және басқалары тамаша орындады.
Ашық аспан астындағы қойылымның музыкалық жетекші әрі қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов,
Қоюшы режиссер – Михаил Панджавидзе (Беларусь)
Қоюшы суретшілер – Софья Тасмағамбетова / Павел Драгунов
Хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов,
Қоюшы балетмейстер – Мукарам Авахри



