«Дон Кихот» балет
23.06.2017 Л. Минкус балетінің негізінде Мигель Сервантестің осы аттас романы жатыр. Оның әдеби шығармасы әртүрлі жанрдағы шығармалардың (опера, кинофильмдер, мультипликациялық фильмдер) туындауына шабыт берді, дегенмен уақыттың сынына шыдаған және көрермендердің шын ықыласына бөленген нақты осы Л. Минкустың музыкасына қойылған балет еді. Алғашқы көрсетілімі 1869 жылы 14 желтоқсанда Үлкен театр залында аты аңызға айналған М.Петиптің қойылымы еді.Серілер туралы романдарды оқып алған Дон Кихот Ламанческий өзінің қару тасушысы санчо Пансамен бірге Испанияны аралайды. Оның махаббат жалыны қайнаған Барселона алаңына келуі қос ғашық Китри және Базиль тағдырын шешеді. Китридің әкесі – трактир иеленуші Лоренция өз қызын есеппен дворянин Гамашқа тұрмысқа бергісі келеді. Дегенмен сұлу цирюльник Базильге ғашық. Дон Кихот қос ғашықтың қосылуына ықпал етіп, қатал Лоренцо жастарға батасын береді.
Шытырман сюжет, ырғақты музыка, қызу қанды испан билерінің шебер орындалуы, айшықты және стильді декорациялар, жарықпен көмкерілуі көрермендер жүректерін жаулап алады.
«Қазақ әуендері» АҚ баспасөз хатшысы – Мүбәракова Анаргуль
Анықтама телефондары: 76-80-76, ұялы 87017951756.



