Дж. Вердидің «Аида» операсының қойылымы

13.06.2017 2017 жылғы 15 маусымда сағ. 22-00-де Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайы алдындағы алаңда ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің мәдени ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының аясында Дж. Вердидің «Аида» операсының қойылымы болады.
Ашық аспан астында спектакль қою – театрда ерекше жанр. Онда көптеген факторлар – театрлық алаңның ауқымдылығы, өзгеше отырғызу және орасан зор көрермен аудиториясы, әртістер санының әдеттегіден айтарлықтай көп болуы, арнайы жарық және бейнеқұралдары, және ең басты ерекшелік бұл – Астана күніне арналған спектакль-мереке!
Көрермен мерекелік көңіл-күйді шынайы декорация болатын Бейбітшілік және келісім сарайына жақындаған кезден-ақ сезілетін болады, ақ ат ерттеген шабандоздар оқиға өрбіп жатқан мысырлық сәулетті одан бетер аша түседі. Опера әлемінің «тірі құдайы» атанған Франко Дзеффиреллидің тамаша декорациялары Ресей Халық суретшісі Вячеслав Окуневтің ұланғайыр бейнеинсталляциясын толықтыра түссе, көрініс соңы Радаместің салтанат құратын сәтіндегі мерекеге орай берілетін отшашумен аяқталады.
Джузеппе Вердидің «Аида» операсы әлемдік танымалдыққа ие. Бұл айшықты және ауқымды спектакль, мұнда алып тұлғалы көпшілік сахнасы, билер мен әнұрандар аясында шым-шытырыққа толы адамдар драмасы өрбиді. Дж. Верди өзінің музыкасымен Аида мен Радаместің рухани сұлулығын және адамгершілігін шарықтатты: олардың махаббаты барлық қиындықтарға төтеп беріп, тіпті өлімнің алдында да шегінбейді. Опера жоғарғы адамгершілік идеалдарының әнұраны іспеттес.