25 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді.
15.12.2016
2016 жылғы 15 желтоқсанда Астана қаласы «Астана опера» Мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді.
2016 жыл – барлық қазақстандықтар үшін елеулі жыл. Еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдығына қадам басты. Тәуелсіздік жылдары ішінде көптеген табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бес институционалдық реформаның 100 нақты қадамның орындалуы, Мәңгілік Ел жалпы ұлттық патриоттық идеясының жүзеге асырылуы - отыз ұлттың бірі болуға, қазақстандық арманымызға қол жеткізуге нақты әрі сенімді қадамдар жасайтын кезеңге жеткізеді. Біздің қасиетті де қастерлі Мәңгілік еліміздің жолында, қазақстандықтарды алда әлі де көптеген жаңа табыстар мен жетістіктер күтуде.
Аталған концертте қазақтың халық әндері мен билерінен бастап, әлемдік классика туындыларына дейінгі түрлі жанр көрермен назарына ұсынылды.
Мерекелік кешке әлемдік сахна төрінде еліміздің атын әйгілеп жүрген Қазақстанның бетке ұстар өнер майталмандары қатысты. Атап айтқанда, олардың арасында Айман Мұсақожаева, Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Бекболат Тілеухан, Майра Мұхамедқызы, сондай-ақ «Астана Опера» опера және балет театрының, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының, «Астана Балет» театрының шығармашылық топтары бар.
Ұрпақтар сабақтастығының символы ретінде еліміздің бір топ талантты жас музыканттары, халықаралық конкурстардың лауреаттары, Қазақ ұлттық хореография академиясы мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері, түрлі өңірлерден келген би ансамбльдері де сахна төрінде өз өнерлерін көрсетті.
«Қазақ әуендері» АҚ баспасөз хатшысы – Анаргүл Мүбәракова
Анықтама телефондары: 99-63-90, ұялы 87017951756.



