«Шекарасыз ән»
31.08.2016
2016 жылғы 31 тамызда 19.00-де Астана қаласында «Қазақстан» орталық концерт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Шекарасыз ән» халықаралық фестивалінің Гала-концерті өтеді.
«Шекарасыз ән» фестивалін өткізу туралы идея осыдан екі жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейлі 20 сессиясында ұсынылған болатын және бұл бастама Елбасының қолдауына ие болды.
Үстіміздегі жылы іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Аталған іс-шараға барлық өңірлерде орналасқан көпұлтты құраммен жұмыс істейтін ондаған қоғамдық бірлестіктер және Достық үйлерінің өкілдері өнер көрсетеді.
Фестиваль этномәдени бірлестіктердің күшін біріктіруін қамтамасыз етеді, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, және дамуын қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл күні концерт залында бірлік пен қуаныш атмосферасы үстемдік етеді. Жүзден астам ұлттар өкілдері бір тілде - достық тілінде, музыка тілінде тілдеседі. Сонымен қатар, бұл фестивалге алыс-жақын шетелдерден келген жекелеген орындаушылар мен шығармашылық топтар да өз өнерлерімен тәнті етеді.
Концертте Қазақстанның мәдениет қайраткері Мапруза Өтеуленова, Еділ Құсайынов (Қазақстан), «Сорнай» татар этно-фольклорлық ансамблі (Ресей Федерациясы), халықаралық конкурстардың лауреаттары Паргев Хачатрян (Армения) сонымен қатар облыстық этно-мәдени бірлестіктерінің әншілері мен аспаптық ансамбльдері өнер көрсетеді.
«Қазақ әуендері» АҚ баспасөз хатшысы - Анаргүл Мүбәракова
Анықтама телефондары: 99-63-90, ұялы 8 701 795 17 56



