«Дон Кихот» балет
26.06.2017 2017 жылғы 25 маусымда сағ. 22-00-де Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайы алдындағы алаңда ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің мәдени ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының аясында Л. Минкустың атақты «Дон Кихот» балетінің қойылымы болды.Л. Минкус балетінің негізінде Мигель Сервантестің осы аттас романы жатыр. Оның әдеби шығармасы әртүрлі жанрдағы шығармалардың (опера, кинофильмдер, мультипликациялық фильмдер) туындауына шабыт берді, дегенмен уақыттың сынына шыдаған және көрермендердің шын ықыласына бөленген нақты осы Л. Минкустың музыкасына қойылған балет еді. Алғашқы көрсетілімі 1869 жылы 14 желтоқсанда Үлкен театр залында аты аңызға айналған М.Петиптің қойылымы еді.
Ссылка




