Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясына арналған салтанатты концерт
28.04.2017 2017 жылғы 26 сәуірде Астана қаласындағы Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясына арналған салтанатты концерт өтті.Салтанатты концертте Өзбекстан мен Қазақстанның халық әртісі Фаррух Закиров, «Славянский базар-2015» халықаралық конкурстың Гран-при иегері, «I am а Singer» халықаралық конкурстың II сыйлығының лауреаты Димаш Кудайберген, халықаралық конкурстардың лауреаттары Роман Ким, Иоанис Кайсиди, Алексей Лодочников, Анна Уварова, сонымен қатар «Astana Ballet», М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театр әртістері, «Ладушки» және басқа да шығармашыл би топтары және балалар шығармашылық ұжымдары қатысты.









