«Мың келбет» атты Қазақстан этномәдени бірлестіктерінің концерті
21.08.2017
2017 жылғы 22 тамызда «Этноауыл» Ұлттық мәдени кешенінің «Ethno Music Hall» концерттік залында ЭКСПО-2017 Халықаралық арнайы мамандандырылған көрмесі аясында «Мың келбет» Қазақстан этномәдени бірлестіктерінің концерті және «Өнеріміз саған – Қазақстан!» атты Республикалық фестиваль өтеді. Іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырады.
Қазақстан өзінің тәуелсіздік жылдары барлық әлемге өзінің ұлтаралық келісімге қол жеткізудегі әрекетті стратегиясын көрсете алды. Көптүрлілікте бірлік қағидасын басшылыққа ала отырып, мемлекет өз әрекетін тек қана Қазақстан халқының мәдениетн жаңғыртуға ғана емес, өшпес диалогты жүргізуге, бздің еліміздің барлық этникалық, конфессиялық топтары арасында жақсы қарым-қатынасты құруға бағыттады.
Сонымен бірге әртүрлі этномәдени бірлестіктердің мақсаттары мен міндеттері ұқсас. Оның негізінде – ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал ету, этникааралық қарым-қатынастарды жетілдіру, халықтар арасында өзара түсінікті нығайту, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту және дамыту жөніндегі мәдени-ағарту жұмыстарын жүзеге асыру, тілді және мәдениетті сақтау, тарихты зерделеу.Этномәдени орталықтардың Қазақстанның этникалық топтары мен этностарының этномәдени сұраныстарын қанағаттандыруда үлкен мүмкіншіліктері бар. Олардың міндеттері құнды мұраларды сақтап қана қоймай, келесі ұрпаққа тапсыру болып табылады.
Қазақстанның этномәдени бірлестіктерінің «Мың келбет» атты концерті Қазақстандағы этностардың достығын көрсете отырып, Қазақстан халқының бірлігін сақтап, еліміздің мәдени ерекшеліктерін дамыту болып табылады. Бұл жоба – этномәдени бірлестіктерді біріктіру, Қазақстандағы этностардың мәдениеті, тілі мен дәстүрін жандандыру, сақтау және дамыту. Сондықтан бұл күні концерт залында бірлік пен қуаныш атмосферасы үстемдік етеді.
Концертте еліміздің этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ халықаралық және республикалық конкурстарының лауреаттары Ардақ Әлекешев, Серік Ибрагимов, Ксения Сухомазова және «Алау» тобы өнер көрсетеді.
«Қазақ әуендері» АҚ баспасөз хатшысы – Мүбәракова Анаргуль
Анықтама телефондары: 76-80-76, ұялы 87017951756.



