ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің мәдени ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының аясында «Астана Опера» театрының Үлкен залында «Травиата» спектаклінің қойылымы өтеді.
01.08.2017
2017 жылғы 1-3 тамызда сағ. 19-00-де ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің мәдени ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Халықаралық «Опералия» фестивалін ұйымдастырып отыр. Осы фестиваль аясында «Астана Опера» театрының Үлкен залында «Травиата» спектаклінің қойылымы өтеді.
Әлемдік опера жұлдызы Марина Ребека өзінің мінсіз актерлік шеберлігі, ерекше кең тынысты дауыс ырғағы, сондай-ақ айбарлы дарындылығы мен сахналық сүйкімділігі арқасында талғампаз көрермен мен қатаң сыншылардың жүрегін жаулай алды. Ол үнемі үздік халықаралық сахналарда өнер көрсетеді.
«Травиата» спектаклі атақты әншінің кең ауқымды репертуарында ерекше орын алады. Пласидо Доминго Марина Ребеканы соңғы 50 жыл ішінде Виолетта партиясын үздік орындаушылардың бірі деп атаған. Оның қоржынында Верди жауһарларының 15-тен астам түрлі қойылымы бар, ал оның әлем бойынша опера театрларында бұл рөлді өзінше жеткізе білуі осы бейненің толыққанды әрі дәл берілуі болып саналады.
Виолеттаның ғашығы Альфред Жермонның партиясын танымал вокалист, шетелде талап етілетін қазақстандық әртістердің бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Шотабаев орындайды. «Астана Операның» жетекші солисті Италия, Швейцария, Австрия, Словакия, Франция, Бельгия, Нидерланды, Бразилия, АҚШ, Канада және тағы басқа елдерге гастрольмен жиі шығады. Оның үстіне, әртісті әр елде оның шығармашылығының шын жанкүйерлері асыға күтуде.
Атақты америкалық дирижер Юджин Кон Рената Тебальди, Джузеппе Ди Стефано, Франко Корелли, Мария Каллас, Рената Скотто, Лучано Паваротти және өзге де аңызға айналған вокалистермен бірге өнер көрсетуі арқылы көпшілікке кеңінен танымал. Соңғы 25 жыл ішінде Пласидо Домингомен тығыз байланыста жұмыс жасауда – бірлескен спектакльдер, концерттік бағдарламалар, сонымен қатар көптеген CD және DVD-диск жазбалары осының куәсі. Сондай-ақ 2008 жылдан бастап Юджин Кон классикалық және танымал музыка жанрында жұмыс жасайтын белгілі итальяндық әнші Андреа Бочеллимен бірге қызмет атқаруда. 2002 жылы Ф. Дзеффиреллидің «Каллас навсегда» фильмінде маэстроның актерлік дебюті орын алды, аталған картинада опера дивасы Мария Калластың концертмейстері болған кездегі өзінің рөлін сомдаған.
Астанадағы қойылым күндері Флора Бервуа партиясын Хорватияның жас талантты әншісі Сандра Пламенац орындайды. Қонақтармен бірге сахна төріне «Астана Опера» театрының солистері шығады, олар: барон Дюфоль – Евгений Чайников, маркиз д’Обиньи – Бауыржан Әндержанов («Астана Опера» / Эссендегі Аалто музыкалық театры, Германия), Аннина – Елена Ганжа, Доктор Гренвиль – Шыңғыс Расылхан, Гастон – Халид Нұралиев, Джузеппе – Рамзат Балакишиев, Комиссионер – Нұрлыбек Қосбармақов. Сонымен қатар қойылымға «Астана Опера» симфониялық оркестрі мен хоры қатысады, бас хормейстері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Даутов.
«Қазақ әуендері» АҚ баспасөз хатшысы - Мүбәракова Анаргуль
Анықтама телефондары: 76-80-76, ұялы 87017951756.



